Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сараланған тарифтер – бүгінгі күннің талабы


21 июня 2010, 19:27 | 1 393 просмотра



Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және нарықтар туралы» Заңының талаптарына сәйкес, тұтынушылар тұтынған электр энергияға, пайдаланған суға белгіленген тәртіппен сараланған тарифтер бойынша ақы төлеуге тиіс.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тарапынан жүргізілген энергия үнемдеу іс-шаралары аясында тәулік мезгілі бойынша сараланған тарифтерді қолданысқа енгізу мақсатында жұмыстар атқарды. Аталған тарифтердің мәнін тәуліктің түрлі мезгілінде энергия құнының да әртүрлі болуымен түсіндіруге болады. Электр желісінің жүктемесі артқан уақытта электр қуатының бағасы сәл қымбат, ал электр энергиясы жеткілікті болып, тұтыну саябырлаған мезгілде энергия құны да арзанырақ.

Алматы облысының Талдықорған өңірінің тұтынушылары 2008 жылдың 15 маусымынан бастап тәулік мезгілі бойынша сараланған тарифтерді таңдау мүмкіндігіне ие болды. Заңды тұлғалар үшін энергия тұтыну тәулік мерзіміне сәйкес кесте бойынша үшке бөлінген: күндізгі – сағат 07- 19-00 дейін, тарифі 10,92 теңге (ҚҚС-ыз); кешкі – 19-00-23-00 дейін, тарифі 22,18 теңге (ҚҚС-ыз); түнгі – 23-00-07-00 дейін, тарифі 4,21 теңге (ҚҚС-ыз).

Жеке тұлғалар үшін күндізгі мерзімінде тұтынуы сағат 07-00 – 23-00 дейін, тарифі – 16,02 теңге (ҚҚС-мен ); түнгі мерзімінде тұтынуы сағат 23-00 – 07-00 дейін, тарифі – 4,72 теңге (ҚҚС-мен ).

Сараланған тарифтер тұтынушылардың энергия тұтынудағы қалыптасқан кестелерін қайта қарауын талап етеді. Мысалы, энергия тұтынуы жоғары бірқатар кәсіпорындар өндірістің толық қуатымен жұмыс істеуін түнгі уақытқа ауыстыруына болады. Алайда, тұтынушылардың бірқатарында түнгі уақытқа ауысу мүмкіндігі жоқ. Әдетте, бұлар – халыққа түрлі қызмет түрлерін ұсынатын электр тұтынушылары. Сондықтан, Үкімет тарапынан сараланған тарифтерді енгізудің бастапқы кезеңінде тұтынушылардың өз еріктерімен жаңа тариф бойынша төлем жасауға ауысуына рұқсат етілген еді. Бірақ электр энергиясын іс жүзінде үнемдеуге қол жеткізілмеді.

Тұтынушылардың басым көпшілігі ортақ тариф бойынша, 1 кВт/сағ үшін тарифтің мөлшері 12,23 теңге,төлем жасауды жөн көріп отыр.

Тұтынылған электр энергия үшін тұтынушылардың төлем жасауды сараланған жүйе бойынша асыруының ерекшелігі - электр энергиясын сатып алушы тәулік мезгілі бойынша сараланған тарифпен ақы төлей отырып, қаржысын үнемдейді, ал электр энергиясын сатушы жақ, керсінше,табысының бір бөлігін жоғалтады.

Департаменттің жұмыс тобы мен облыстық әкімшілік бірлесіп, жеке тұлғалардың электр энергияны көлеміне қарай тұтынуына арналған ең жоғарғы тарифпен төлеу жөніндегі электр энергияның көлемі белгіленді. Электр энергияның көлемі Қарасай, Ілі, Талғар аудандарында және Талдықорған мен Қапшағай қалаларында 1 айда 1 адамға, электр плиталарды қолданбайтын тұтынушыларға - 70 кВт және электр плиталарды қолданатын тұтынушыларға - 90 кВт көлемінде бекітілді. Облыстың басқа аумақтарында бұл көрсеткіш 50 және 65 соған сәйкес.

Бүгінгі күнге электр энергияны көлеміне қарай тұтынуына арналған сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғалардың электр энергияны белгіленген мөлшерінен артық тұтынылған электр энергияның жоғарғы тарифі орташа берілетін тарифтен 20 пайыз жоғары. Электр энергияны белгіленген мөлшерден аз пайдаланған тұтынушыларға ең төменгі тарифпен төленеді. Бірақ бұл тариф әлі бекітілген жоқ, агенттікте қаралуда, келісім алынған соң бекітіледі.

Осындай әдіспен, ауыз сумен қамтамасыз ету қызметінде де пайдалану топтары және көлеміне қарай суды пайдалануына сараланған тарифтер енгізілуде. Департаменттің бұйрығымен 2010 жылдың 01 мамырдан бастап Талдықорған қаласының «Жетісу Су құбыры» МКК-на сараланған тарифтер енгізілді. Тарифтің көтерілуі – мәжбүрлі шараның бірі. Үйткені, Кәсіпорнының негізгі қызметінен болған залалдар 2008 жылы 47,0 млн. және 2009 жылы 35,0 млн.теңгені құрды. Кәсіпорнының экономикалық белсенділіктің төмендеуге бет алуы – коммуналдық қызметінің жоюына апаратыны мәлім. Бұны біз тоқтатуымыз керек. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Кәсіпорнының өндірілетін товарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары өндірістің шығындарын толық қайтару, залалдарсыз негізгі қызметін атқару және өзін-өзі қаржыландыру тиіс.

Сонымен қатар, 2009 жылдың 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Алматы қаласының тұрғындарын ауыз су мен қамтамасыз ету жөніндегі пайдаланылатын сараланған тарифтерді енгізу туралы өткен кеңесте, Елбасы Алматы қаласының тәжірибесі барлық облыстарда енгізілсін деген тапсырмасы берілген. Сондай-ақ, ҚР «Табиғи монополиялар және нарықтар туралы» Заңына осы жөнінде 2010 жылдың 01 қаңтарынан бастап енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, сараланған тарифтер барлық ауыз су шаруашылығындағы МКК енгізіледі.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылдың 03 желтоқсандағы № 419-НҚ бұйрығымен бекітілген «Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу Әдістемесіне» сәйкес, сараланған тарифті белгілеу мақсатында тұтынушылар үш топқа бөлінеді:

I – тұрғындар; II – бюджеттік мекемелер; III – шаруашылық субъектілер.

Сараланған тарифтерді енгізген кезде біз, біріншіден, қарапайым халықтың жағдайына назар аударуымыз қажет.

Кей бір кәсіпкерлердің айтуына қарағанда, судың тарифінің өсуіне байланысты олардың қызметтерінің бағасы сонша пайызға өседі дейді. Бұл экономикалық жағынан негіздеусіз, үйткені, өткізілген талдау бойынша суды көп пайдаланатын кәсіпкерлердің атқаратын қызметтерінің бағасының көлемінде судың үлесі шамалы. Мысалы, автокөлік жуу кәсіпорнында 1,56 пайызды, монша, сауна қызметінде – 5,0 пайызға дейін құрады.

Департаменттің ендігі жұмысы электр энергиядағы әдіспен, ауыз сумен қажеттілік пайдалану көлемін белгілеп, ең жоғарғы және ең төменгі сараланған тарифтерді енгізу.

Автор:
Н.ҚАЙРАМБЕК, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бастығы