Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізді


9 января 2018, 11:23 | 1 169 просмотров



Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

26733334_1948948458704189_7815197176487305144_n.jpg?oh=6218ec26dc2b9e16b3c917c934245ef0&oe=5AE529D0

Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.

Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

«Қазіргі таңда бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Бүгіннен бастап проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ SMS-хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс»,- деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай.

Баланы тіркеу, жәрдемақыны рәсімдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерін ХҚКО-дан да алуға болады. «Бала туу» композиттік қызметі проактивті тәсілмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа ызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Еске сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көретуді проактивті тәсілге көшіру үрдісін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын. 

Анықтама ретінде: осы уақытқа Қазақстан бойынша бала туған 192 анаға мемлекеттік қызметті алу ұсынысымен смс хабарламасы жіберілді.

Автор:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі