Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Арнайы бағдарлама керек-ақ


14 июня 2010, 23:55 | 1 657 просмотров



АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ

Дүние жүзінде семіздік пен артық салмақ қосқан адамдардың саны 2 миллиардқа жетті. Қазақстанда 4 миллионнан астам адам семіздікке шалдыққан. Бұл біздің елімізде тұратын халықтың санын ескергенде, үлкен көрсеткіш болып табылады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында артық салмақ қосу көбеюде. Бұл алаңдататын жағдай. Балалар мен жасөспірімдер арасында семіздікке шалдығу Еуропа елдеріне қарағанда бізде бүгінгінде 10 есеге өскен.

«Қазіргі уақытта 5 жасқа дейінгі балалардың 11,4 пайызы артық дене салмағына немесе семіздікке шалдыққан. Ол дегеніміз, егер бала кезден семіздік басталса, ол ересек уақытында да жалғаса береді, яғни өмір бойы артық салмаққа ұшырайды. Семіздіктің жүрек ауруына себеп болатынын ескерсек, бұл оның алдын алуды қажет етеді. Ал, жүрек ауруынан өлім бойынша Қазақстан 1-ші орынға шығып отыр. Елімізде 50-60 жас аралығындағы адамдардың екіден бірі осы жүрек ауруынан дүниеден өтуде. Бұл мәселенің алдын алу және емдеу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арнайы бағдарламалар дайындауды қажет деп тапса да, елімізде әлі күнге дейін ешбір арнайы ұлттық бағдарлама жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша 2015 жылға қарай 2,3 миллиард ересек адам артық салмаққа ие болып, ал 700 миллион адам семіздікке шалдықпақ. Қазақстанда жүргізілген ұлттық зерттеулер бойынша 2008 жылы 25-29 жас аралығында әрбір екінші әйел (50,6%) және біршама азырақ пайызда ер адамдар (45,4%) семіздік пен артық салмаққа шалдыққан.