Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Брифинг өтті


28 декабря 2017, 11:46 | 1 184 просмотра



2017 жылғы 27 желтоқсандаАлматы облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» филиалында «Жаңа жыл мерекелерін өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелері және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтау туралы», «Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын-алу туралы (мұздағы қауіпсіздік шаралары, қар борасын, көк тайғақ)» тақырыптарындабрифинг өткізілді.

Шараның мақсаты жаңа жылға дайындық және өткізу кезінде төтенше жағдайлардың профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы халықты хабардар ету және қыс кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін тұрғындарға жеткізу болып табылды.

Аталған брифингтің спикерлері болып Алматы облысы ТЖД Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Сүлейменов Бауыржан Тлеулесұлы, Алматы облысының ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Найзабеков Берік Темірханұлы, Алматы облысы ІІД Талдықорған қаласының ІІБ ӘПБ қызметтік және азаматтық қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы полиция майоры Қадырхан Елнұр Қадырханұлы сөз сөйледі.

Өз сөзінде Алматы облысы ТЖД ӨҚСБПҚБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Сүлейменов Бауыржан Тлеулесұлы Алматы облысында 2016-2017 жылдарда Жаңа жылды мерекелеу кезінде 14 өрт оқиғасы болғанын және олардың материалдық шығыны 375 мың теңге құрғанын жеткізді.  «Тәжірибе көрсеткендей, Жаңа жылдық мерекелер кезінде өрттердің саны көбейеді.  Өрттердің негізгі себептері – жанып тұрған шырағданды, ақауы бар электр гирляндаларын пайдалану, сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды– мини-ракеталарды, бенгал оттарын, фейрверктер және петардаларды ұқыпсыз пайдалану. Бұндай бұйымдардың өрт қауіптілігі, ашық жалынды және ұшқындардың шығуымен байланысты. Олардың жану қабілеттігіжеткілікті жоғары. Мысалы, кейбір пиротехникалық бұйымдардың жану кезіндегі температурасы екі мың градустан асады», депатап өтті.

Сондай-ақ, Сүлейменов пиротехникалық бұйымдардың бақылаусыз сатылуы және оларды қажетті өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамай пайдалану өрттердің пайда болуына, адамдардың, көп жағдайда балалар мен жасөспірімдердің жарақат алуы немесе қаза болуына себепкер болатынынжеткізді. Осыған қоса, гирляндылардың қысқа тұйықталуынан көп үйлерде және мекемелерде өрттердің айтарлықтай саны орын алады. Осындай салдары бар төтенше жағдайлардың алдын алу – бұл біздің басты мақсатымыз. Пиротехникалық бұйымдар, жарқын әсерден басқа, жағымсыз естеліктер әкелуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн, өйткені олардың барлығы жарақат әкеледі және өрт қауіпі бар. Сондықтан да, пиротехниканы алып қолданғанда, қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар!

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің алдында Алматы облысының ІІД Талдықорған қаласының ІІБ ӘПБ қызметтік және азаматтық қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы полиция майоры Қадырхан Елнұр Қадырханұлы: «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі №319 «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қауіптілігі IV сыныптық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалануды (көрсетуді) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оларды пайдалануға берген лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асыратынын жәнефейерверктерді қоғамдық-мәдени көпшілік іс-шараларда қолдану тек аумақтық ішкі істер органымен келісілген, жұмысты жүргізуге құқығы бар құжаттамалар бекітілгеннен кейін жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға рұқсат етілетінінатап өтті.

Алматы облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының орынбасары Найзабеков Берік Темірханұлы: «2017 жылғы қызметтің жедел жұмыстарын қортындылай келе, ағымдағы жылы техногенді сипаттағы ТЖ 395 жедел шығу, АҚЖ 161 шығу оның ішінде ЖКО 16 шығу, ІҚЖ 121, тұрмыстық сипатта 97 шығулар құрады. Алматы облысы аумағында қардың көп түсуі салдарынан жедел-құтқару жасағы құтқарушыларымен 11 қар тұтқынына шығу кезінде 81 техника босатылды.Авариялық құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылармен 468 адам құтқарылды, оның ішінде 55 кәмелетке толмаған балалар, 162 адам көшірілді. Жедел мәлімет бойынша Алматы облысы суқоймаларында 142 ТЖ тіркеліп, 218 адам зардап шеккен, суға батқандар 62 адам, оның ішінде 17 бала, жеке құраммен 156 адам құтқарылғаны туралы,«Табиғат, әсіресе қыс мезгілінде, көптеген апат, күтпеген жағдайлар және сынақтар алып келеді. Әр адамға авариялық жағдайларға дайын болып, табиғатта аман қалуы қажет – моральдық, физикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық жағынан, өз білімімен, дағдыларымен және тәжірибесімен, жаттықтанып, оқып, төтенше жағдайлар кезінде аманқалу негіздеріне үйрену керек» - деп баяндамасын аяқтады Б. Найзабеков.

Автор:
zhardem.kz