Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бірлік бар жерде-тірлік бар


28 декабря 2017, 10:23 | 1 149 просмотров



Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Бірлік және келісім-рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында кезекті ХХІІІ-ші сессиясы өтті.

 Салтанат сарайында ұйымдастырылған шара  алдымен  Ресейдің Мәскеу қаласынан жеткізілген  мүсінші, архитектор М.М.Ващенконың қолынан шыққан ақын Сара Тастанбекқызының бейнепортреттері, Қапал өңірінің табиғаты салынған суреттері және құнды жәдігерлер мен тарихи құжаттардан ұйымдастырылған көрмені тамашалаудан басталды. Оған Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы А.Ғ. Баталов, облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен  ҚХА мүшелері қатысты. «Елордамыз Астанада сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтіп, онда  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі үшінші жаһандануды-мемлекетіміз үшін  стратегиялық маңызы зор кезең деп атап өтті. Бүгінгі сессияда маңызды іс — шаралардың бағыттарын айқындайтын боламыз. Сонымен бірге, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы» қосымша міндеттер жүктеп отыр», — деді сессияға қатысушылар алдында сөз алған облыс басшысы. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі- Ғабит Тұрсынбай «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі бағыттары туралы» баяндама жасады. Облыс аумағындағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, медиацияны , қайырымдылықты дамыту, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» , «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы» бағыттарын үйлестіру мәселелері де назардан тыс қалмады. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев «Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы» баяндап,атқарылған шаралар жайында әңгімеледі. Жарыссөзге қатысқан азаматтар «Тіл — ұлттық сананы қалыптастырудың негізі» , « Облыстың этникалық алуандығы бірлік пен келісімнің басымдығы» , «Ішкі туризмді дамытудағы этномәдени орталықтардың жобалары туралы», «Ауыл жастарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы рөлі» тақырыптарында ойларын айтты.

Сессия жұмысы Ассамблеяның негізгі қызметі мен басты бағыттарын іске асыруда және насихаттауда үздік танылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен белсенділерін және сала қызметкерлерін марапаттау рәсімімен қорытындыланды.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто