Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Спортшылардың сабағы жалғасуда


13 декабря 2017, 04:29 | 2 179 просмотров



Жетісудың танымал спортшылары оқушылармен кездесуін жалғастыруда. Бұл жолы чемпиондар Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің өрендерімен ашық әңгіме өткізді. «Еліміздің рухын көтерген спорт саңлақтары» атты жиынды аталған мектеп пен Талдықорған қалалық білім бөлімі ұйымдастырған.

zv2-300x169.jpgдереккөз

Шараның басты мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ауқымды идеяларын білім алушылар арасында тарату және өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу. Кездесуге Жетісу өңірінен шыққан, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, каратэ жекпе-жегінен Әлем және Азия чемпионы Мерей Сүйінов, садақ атудан Әлем кубогының иегері Санжар Мұсаев, каратэ-до жекпе-жегінен Азияның үш дүркін жеңімпазы Біржан Байжанов, джиу-джитсу жекпе-жегінен Әлем чемпионы Елдос Қабденов және Талдықорған қалалық әкімшілігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы келіп қатысты.

zv8-300x225.jpgдереккөз

Аталмыш шара өзгеше форматта жүргізілді. Спорт жұлдыздары мен оқушылар арасында тренингтер, қызықты ойындар жүргізілді. Шара соныңда Б.Байжановтың шәкірттері каратэ жекпе-жегінен шеберлік өнерлерін көрсетті. Осы кеште барлық қатысушылар жақсы әсер алып, келген қонақтар мектеп ұжымы мен оқушыларға зор ықыластарын айтып, алғыстарын білдірді.

Автор:
Taldykorgan-online.kz