Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Биік белестер бастауы


13 декабря 2017, 04:28 | 2 171 просмотр



Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қазақ  елін  дүние  жүзіндегі алдыңғы  қатарлы  озық  30  елдің  қатарына  қосу  мақсатында қабылдап  отырған «100 нақты  қадам» жоспары  еліміздің  сот  саласына  бұрын-соңды  болмаған  тың, соны  серпін  бергендігін  айта  кетейік.

Аталған  Ұлт  Жоспарында  заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету мәселесіне үлкен  мән  берілген.  Осы  бағдарлама  негізінде  сот  саласын  халықаралық стандартқа  сай  дамыту  көзделген.

Сот  саласында  атқарылып  жатқан  маңызды  жұмыстар  сот  қызметінің ашықтығын  жолға  қоюға  және «100 нақты қадамда» сот істерінің ашықтығын  қамтамасыз  ету  мақсатында  сот  отырыстарын  дыбыс-бейне жазу  жүргізу  арқылы  өткізуге  айырықша мән беріліп отыр.

Қазіргі  кезде  «Қазақстан-2050» ауқымды стратегиялық  бағдарламасы, оны толықтыратын «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» бағдарламасы , сондай-ақ,  Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына қосуға жетелейтін бес институттың реформасы, оны жүйелі түрде жүзеге асуға бағыттайтын «100 нақты қадам» бғдарламасының орны бөлек. Бұл реформалардың барлығы қазақ елін  биік бір белеске көтерері  сөзсіз.