ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА МСАК ҮЗДІК ПРАКТИКАЛАРЫНЫҢ ҮШ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Uncategorized

Пациентке бағдарланған жаңа жүйе триаж жүйесі бойынша тіркеу деңгейінде пациенттер ағынын бөлуді, тіркеу орнының жанынан жедел жәрдем кабинетін ашуды, цифрлық технологияларды интеграциялауды, навигацияны және электрондық кезектерді қамтиды деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау минстрлігі ресми сайтында .

Бұл пациенттің «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істейтін қоғамдық қабылдау бөлмесін пайдалана отырып, өз проблемасымен қайда, қалай және кімге жүгіну керектігін анықтауға кететін уақытын барынша жеңілдетеді және қысқартады.

Мультидисциплиналық тәсіл қауіпсіздікпен, қолжетімділікпен, нәтижелілікпен және адам денсаулығына қамқорлықпен сипатталатын кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмекті қамтамасыз етеді, бұл халықтың денсаулығы мен қанағаттану көрсеткіштерінің жақсаруына әкеледі.

Теміртау қаласы үшін — бұл алғашқы үздік практикалар орталығы екенін айта кетейік. Ол әлеуметтік-психологиялық қызмет пен медицина қызметкерлерінің жұмысын шоғырландыруға бағытталған. Отбасылық дәрігер, әлеуметтік қызметкер, психолог және арнайы мамандардан тұратын мультидисциплиналық командадағы жұмыс халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған. Орталықтың жұмысындағы басты назар аурулардың профилактикасына және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталатын болады. Пациенттердің әлеуметтік жағдайына басымдық беріледі, өйткені Орталық отбасылық медицина қағидатын енгізуге бағытталған.

zhardem news

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *