Жыл басынан бері медициналық ұйымдарға 1 трлн теңгеден астам қаржы төленді

Жаңалық Медицина

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  2024 жылғы ақпан айының  қорытындысы бойынша медициналық қызметтерге төлем аудара бастады деп хабарлайды  ,

 11 маусымдағы жағдай бойынша бұған дейін алған авансты ескеріп, 57 медициналық ұйымға 28,5 млрд теңге төленді.

 Бұл ретте медициналық ұйымдар осы уақытқа дейін қаржыландырусыз қалған емес. Биыл жыл басында оларға әдеттегідей 30% мөлшерінде аванс жіберілді.

Жалпы алғанда 56 медициналық ұйымға 23 млрд теңге сомаға аванс берілді. Кейбір жеткізушілер қажеттіліктің болмауына байланысты аванс алудан бас тартты. Жоғарыда айтылғандай, берілген аванстар ай сайын нақты көлемдерден шегеріліп отырады.

Еліміз бойынша жыл басынан бері қаржыландыру көлемі, оның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрекпен қамтамасыз етуді қосқанда 1 трлн 16,6 млрд теңгені құраса, Жетісу облысы бойынша бұл 87,8 млрд теңгені құрайды.

Ақпан айындағы төлемді 2024 жылдың 14 маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Автор: «Әлеуметтік медициналық  сақтандыру қоры» КЕА Жетісу облысы бойынша филиал

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *