Дүйсен Семсер Ринатұлы
Жетісу облысы Талдықорған қаласы Тіс дәрігері Дантист
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен ( эмаль) қапталған. Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы милиметр ауданы 400 кг-дай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында Ғ.Си, Zn,Ғе, Si және т.б. заттар кездеседі. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі -тіс сауыты. Тістің келесі бөлімі-мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі-түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан.
Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінеді. Олар пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, сойдақ тіс, кіші және үлкен азу тістер.
Ересек адамдарда 28-32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар.
Сәби дүниеге тіссіз келеді.Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістері шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер. 6-7 жастан бастап сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер шығады.12-14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен тістер 18-20 жаста шығады. Оларды кеш шықандықтан « ақыл тістер» деп атайды. Өмірінде тісі ауырмаған адам кемде-кем шығар. Әсіресе, кариеспен ( тіс эмалінің бүлінуі) ауыратындар көп. Осы сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізген ғалымдар күні бүгінгі дейін тістің бүліну себептерін тәттіні көп қолданудан, ыстық-суықтан, тісті дұрыс тазалай алмаудан деп түсіндіріп келген еді. Ал таяуда тіс бұзылуының басты себебі- ішкі ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуінен екені анықталды. Адамда 32 тіс болатыны мәлім, 16-сы жоғары,16-сы төменгі жақта. Дәрігерлер, осы тістерді 8 ден бөліп,нөмірлейді. Яғни, алдыңғы тістер сол жаққа қарай 8, оң жаққа қарай 8, барлығы -16. Осы тістердің дәл ортадағы екеуін 1-ші деп белгіленген, әрі қарай ретімен кете береді. Міне,осы 1-ші және 2-ші тістердің бүлінуі қуық пен бүйректе, құлақта кінәрат барын білдірсе,3-ші тістердің бұзылуы бауыр мен өттің жұмысы дұрыс еместігін аңғартады екен.4-ші тістер бүлінсе,өкпе мен тоқ ішекте ауру болғаны,6-шы тістердің бүлінуі асқазан мен асқазан асты безінің жұмысы бұзылғанын білдіреді. Ал 8-ші тістердің бүлінуі жүрек пен аш ішектің жұмысы бұзылуынан хабар береді екен.
Асқазан мен аш ішекте жара болса, көбіне пародонтоз пайда болады. Асқазан жарасы кезінде тісте тас түзіледі. Қысқасы, тістің жай-күніне қарап ішкі ағзаны қай мүшесінде ауру пайда болғанын аңғаруға болады. Егер белгілі бір тісті емдеткен соң ол қайтадан ауырса, оны сол тіспен байланысы бар ағза мүшесіндегі аурудың асқынғаны деп түсінген жөн.
Мысалы, бас сақинасы ұстап жүретін адамдардың тісі тіс жегісімен зақымданған. Бұл кезде тістің өзі ауырмауы мүмкін.Ал оның себебін адам тұмаудан, суық тиюден, магниттік өрістің ауытқуынан, тағы да басқа жайсыздықтардан көріп жатады. Мұндай кезде бас ауруы бүкіл басты қамтығандай әсер береді. Сонымен қатар, кейде сап-сау тістің ауыратын кезі болады. Ал оған көбіне қан қысымын қалыптап ауытқуы себеп болады.
Тістің гигиенасы.
Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып,тісті тазалау қажет. Әрбір адамның жеке басының тіс щеткасы болуы тиіс. Тістің жадыға әсері.
Есте сақтау қабілеті тістердің санына байланысты екенін жапондық ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Олардың зерттеу нәтижесі ғалымдардың өздерін таң қалдырды.Тіс дәрігерінің орындығына отырып,өзіміздің есте сақтау бөліктерінен айырылып жатқандығымызды кім ойлаған?
Швед мамандары 35 жаспен 90 жас аралығындағы 1960 адамға тәжірибе жасаған.Түбірлі тістерді жұлған адамдарда жадының нашарлайтындығын байқаған.Тіпті бұл құбылысты жануарларда да байқауға болады.Осылай швед ғалымдары тіс пен жады қызметінің арасында байланыс бар екенін анықтаған.
Профессор Ян Бегдахлдың айтуынша: «Тістер тек қана тағамдар шайнау үшін ғана емес,ми қызметтерін сақтап және қолдап отырады» Тіс өзімен босап түссе,онда ол жартылай тауқымет болар еді.Ал жадының әсеріне тісті зорлап жұлу қатты ісер етеді.
Содықтан сіздер тісті күте біліңіздер.Тіс жегісі ауруына ұшырап қалған жағдайда бірден жұлдыртпай емделіңіздер.Әрбір тіс сіздің есте сақтау қабілетіңіз,оны біліп қойыңыз!