Авторлар: Елтаева Улжалгас Турганбековна – жалпы тәжірибелі мейірбике
Абурова Гульмира Токтархановна — жалпы тәжірибелі мейірбике
Алимбаева Ботагоз Турдымаметовна – ем егу мейірбикесі
ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК
Талды дәрігерлік амбулаториясы
Тиімді тамақтану – денсаулықтың кепілі. Ас қабылдаудағы зиянды әдеттер дене салмағының проблемаларын туғызады, және соның салдарынан әр түрлі асқазан – ішек аурулары пайда болады.
Көп жылдарға, денсаулықты және күн-қуатты пайдалы және дұрыс тамақтанудың 10 принциптерін қолдана отырып, сақтауға болады.
- Барлық керекті компоненттер бар азық-түліктердің жоқтығынан, рацион ең жоғары деңгейде әр түрлі болуы керек.
- Таңғы асты міндетті түрде ішу керек. Таңғы астарын ішетін адамдар, күндіз артық тамақ ішпеуі ықтимал. Таңғы ас Сізге энергия береді және жақсы ойлауға оқуға көмектеседі.
- Тәулік бойы жеткілікті суды ішу ұсынылады. Мүмкіндігі күніне 8 стакандай суды ішу қажет. Жемістер мен көкөністерде судың жеткілікті көлемі болғандықтан, күндік қажеттілікті толтыра алады.
- Күнделікті рационға көкөністер мен жемістерді көбірек қолданыңыз. Олар ағзаға дәрумендердің минералдық заттардың мөлшерін қамтамасыз етеді.
- Күнде ішетін екі стакан майсыз сүт кальцийдің керекті мөлшерін түгелдей қамтамасыз етеді,сонымен бірге жоғары сапалы ақуыз бен В2 витаминімен де жабдықтайды.
- Дақылды азық-түліктерді таңдаңыз. Дақылды азық түліктерден жасалған нанның және макарондардың сұлы және қоңыр күріштің дәмін татыңыз.
- Майлы, ашты, холестерині өте жоғары тағамдарды азырақ пайдаланыңыз.
- Рациондағы тәттілердің көлемін азайтыңыз. Қантта ағзаға керекті пайдалы элементтердің жоқ екенін естен шығармаңыз.
- Тамаққа тұзды шектен тыс пайдаланбаңыз! Тұздың көптігі қан қысымын көтереді.
- Спирттік ішімдіктердің әдетте калориясы өте көп, пайдалануға зиян организмге.
Тиімді тамақтану және дене белсенділігі Сіздің денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі!