Суда аяқ-қол тартылса не істеу керек

Судороги

Авторлар: Алданбекова Жанар Алданбековна, участковая медицинская сестра, Жумагелдинова Уаш Кыдырбековна, медицинская сестра, Абуова Гулзат Аманжоловна медицинская сестра, ГКП на ПХВ Аксуская ЦРБ

Әдемі жүзу мүмкіндігі – су айдындарындағы қауіпсіз демалыстын кепілі. Суда шомылған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтау және ерекше абай болу қажет. Ешкім суда сіңір тартылудан сақтандырылмаған. Судағы сіңір тартылудын негізгі себебі – ол дайындалмағандық және бұлшық еттерінің аяқ асты күшейуі, сонымен қатар судын төмен температурасы. Сондықтан суға, желсіз күншуақ күндері, судын температурасы +20оС жоғары болғанда ғана шомылу қажет. Суға кірер алдында жағада сумен шайынып, денені судын температурасына үйрету керек. Егер де сіз суда аяқ-қолыңыздың тартыла басталғанын сезінсеңіз – судан тезірек шығуға мумкіндік жасауға тырысыңыз. Жағадан алыс болып, біреудін көмегісіз шығуға қиындау болса, келесідей жасаңыз:

     — Арқаға аунау қажет. Егер де Сіз осы уақытқа дейін арқаңызбен жүзсеңіз кеудеңізге ауысыңыз. Денеңіздін ауысымын өзгерту манызды;

     — Егер де қолыңыз тартыла бастағанын сезсеңіз, тез арада қолыңызды жұдырыққа жұмып, содан сон сыртқы жаққа қарай тез лақтырып жұдырығыңызды ашыңыз. Осылай бірнеше рет қайталаңыз;                     

     — Егер де аяқтың бұлшық еті тартылса, бүктеліп табаңынызды қолмен ұстап өзінізге қарай тартыңыз;

     — Егер де жамбастың бұлшық еті тартылса, аяғынызды сыртқы жағынан тізеден төмен қарай ұстауға тырысыңыз. Содан кейін аяғынызды тізеде бугіп қолыңызбен артқа қарай қатты тартыныз. Осынын бәрін суда арқамен жатып істеген ыңғайлы;

     — Суға шомылған кезде, ішкі суға түсетін киімде өзімен бірге түйрегіш болғаны қажет. Сіңір тартылған кезде түйрегіш немесе басқа да өткір затпен жарақаттанған қол немесе аяқты пісіп алған дұрыс;

     — Дем алып және күш жинауға дененің ен ыңғайлысы – ол арқада болу;

     — Егер Сізде күш болмаса, ал сіңір тартылуы өтпесе, онда жағадағы адамдардың назарын аударуға тырысыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *