Автор: Усенова Ботагоз Рысбековна Ушарал Жансактау бөлімі Аға медбике
Алакольская ЦРБ
Бұрын мұндай қауіп қатерге ұшырап көрмегендіктен оқыс күйік жарақаты кезінде көп адамдар абдырап, сасып қалады, қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керектігін білмей уақытып өткізіп алады. Кей жағдайда қате іс-әрекетке барып жататыны да сондықтан. Негізінен күйік жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиактивті сәуленің зардабынан тіннің зақымдалуы. Соған сәйкес күйіктің басты төрт түрі бар. Олар: термиялық, химиялық, электрлік, сәулелік күйіктер.
Ыстық суға күйіп қалу жағдайы көбіне балалар арасында 1-3 жас аралығында жиі кездеседі. Асханада анасының көзін ала бере байқаусыз қатерге душар болып жатады.
Күйікте киім матасы теріге жабысып қалса оны қайшымен қиып тастайды. Адам денесі химиялық заттардан күйсе дененің күйген жерін суық сумен 15-20 минут бойы жуады. Қышқыл, сілтіге күйгенде ас содасы ертіндісіне немесе спирт, марганец қышқылды калий ертіндісіне малынған таңғышты ораған жөн. Қандай күйік түрі болса да жедел жәрдем кешіккен жағдайда зардап шегушіге ауырсынуды басатын дәрілер беруге болады.
Ал алғашқы көмек көрсетілгенде:
- денедегі көпіршіктерді жармайды;
- қалың таңғыштармен орамайды;
- мұз баспайды;
- күйікті қолмен ұстамайды;
Мұның бәрі тіндерді өлтіріп, жараның жазылуын қиындатады. Дәрігер келгенге дейінгі көмектің мақсаты күйген жерді ластанудан сақтандыру, яғни микроб түсуден қорғау, ауырсынуды бәсеңдету. Осы жағдайда дұрыс көрсетілмеген алғашқы медициналық көмек күйікті тереңдетіп жібереді.
Халық арасында жиі көрсетілетін алғашқы көмек күйген жерге тіс пастасын жағу, томат пастасын сол сияқты әр түрлі майларды жағуға ұмтылу. Бірақ оны мамандар құптамайды. Олар асқынуға әкеліп соғады.