Автор: Султангазиева Кумискан Айсаевна Егу бөлімінің мед. Бикесі
Тынистамова Айсулу Наурызбаевна ЦСО автоклав Мед бике
Нургелдина Ардақ Нурлыжигитовна Ревмотолог мед бике
Жетысу обл.Талдыкорган каласы. Калалык емхана № 1.
Желкеге тұздың жиналуына: Семіздік, артық салмақ; Қозғалыстың аздығы; Бір орында отырып жұмыс істеу; Омыртқаның жарақат алуы; Зат алмасудың бұзылуы; Үнемі ауыр зат көтеру; Жиі стресс алу; Арқаға жүк арқалау; Ұзақ уақыт ыңғайсыз жату; Шылым шегу мен ішімдік ішу; Арқа омыртқаның қасаюы; Дұрыс тамақтанбау себеп болады. Мұны емдеу ұзақ уақытқа созылады. Бұл дертке әсіресе кеңседе отырып жұмыс істейтіндер, тігіншілер шалдығады екен. Тұзды біртіндеп кетірмесе омыртқа арасында жарық, ісік пайда болып, жүйке жүйесі нашарлайды.
Мойынға тұздың жиналғанын қалай білуге болады? Басты бұрғанда ауырсыну байқалады. Ауырсыну бастың артқы жағына, иыққа, құлаққа таралуы мүмкін. Кейде, қабынған жүйке ұштарына байланысты ауырсыну тіпті қолға да өтеді. Басыңызды бұрғанда сықыр естіледі. Тіпті, басты кілт бұру мүмкін болмайды. Бұрған жағдайда біреу шерткендей әсер аласыз. Құлақтан шуыл естіледі. Әсіресе, төсектен тұрған кезде құлағыңыз шуылдайды. Оған қоса, басыңыз айналып, көзіңіздің алды қарауытады. Бұл бірнеше секундтан минутқа жалғасады. Көру қабілеті төмендейді. Тұздың әсерінен көзге қажетті қан мен оттегі жетіспейді. Жүрген кезде аяғыңыз бірден ұйып қалуы мүмкін. Қан қысымыңыз көтеріліп, жұмыс істеуге қабілетіңіз нашарлайды. Міне, мұның бәрі мойынға тұз жиналғаннан болады. Мойынға жиналған тұздың қауіптілігінен – бас миы, есту және көру қабілеті төмендейді. Оған қоса, құсу, қан қысымының көтерілуі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ақыл-естің кемуі пайда болады.