ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ ЖӘМИЛА АХТАНҚЫЗЫ: ШИРЕК ҒАСЫР ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ЖАНЫНДА

Гастроэнтерология Жаңалық

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз медицинада, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда үлкен жетістіктерге жеткен ең үздік әйел дәрігерлерімізді таныстырамыз.

Жәмила Ахтанқызы Қайболлаева — 25 жылдық тәжірибесі бар дәрігер-гастроэнтеролог, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Ол Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, Академия жанындағы интернатура мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология бойынша клиникалық ординатурасын тәмамдаған. Кейін КІАҒЗИ аспирантурасын аяқтап, эндокринология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ассистент, ал содан кейін эндоскопия курсы бар гастроэнтерология кафедрасының доценті болып қызмет атқарған.

Жәмила Ахтанқызы — практикалық қызметті ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарымен ұштастырып, ішек ауруларын зерттеу жөніндегі Қазақ ғылыми қоғамының президенті ретінде қоғамдық істермен белсенді айналысатын маман. Оның жетекшілігіндегі гастроэнтерологтар мен ғалымдар тобы әлемдік қоғамдастықта танымал.

Әріптестері арасында Жәмила Ахтанқызы өзінің жоғары кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және адамдарға деген шынайы жанашырлығымен ерекшеленеді. Ол сондай-ақ жеке тартымдылығы, шығармашылық көзқарасы мен принципшілдігі арқылы танымал.

ҚР халық денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін доктор Қайболлаева «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Жәмила Ахтанқызы әріптестерімен бірге медициналық консилиумдарға қатысып, қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы еліміздің барлық өңірлеріндегі ауыр пациенттерге гастроэнтерологиялық кеңес береді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген пациенттер оның қабылдауына жазылып, оның кәсібилігіне, мұқияттылығына және сауатты емдеу әдістеріне ризашылық білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *