xr:d:DAFRivMcloE:228,j:605020192942232749,t:23121108

АУЫЗДЫҢ УЫЛУЫ: БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН СТОМАТИТТІ ҚАЛАЙ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

ЗОЖ Медицина

Стоматит қалай пайда болады? Стоматит – ауыз қуысының қабынуына әсер ететін аурулардың ортақ атауы. Шырышты қабықта пайда болған жара ұйықтау, сөйлеу, тамақтану кезінде ыңғайсыздық туғызады. Стоматит тілде, ерінде, таңдайда, жалпы ауыз қуысының кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін. Стоматиттің белгілері қандай? Стоматит көзде пайда болса, көз қызарып, ісінеді немесе жара түрінде шығады. Кейде жараның аузында ақ немесе сары қабық пайда болады. Тамақты жұтуда, ас қабылдауда ауырпалықтар туғызады. Сонымен қатар сілекейдің ағуы, тіс иегінің ісінуі де жиі байқалады. Стоматит жұқтырған балалар ашуланшақ болып кетеді. Негізінен стоматиттің екі формасы бар – герпетикалық стоматит және афтозды стоматит. Герпетикалық стоматиттің белгілері — зақымдалған дене мүшесінің қызаруы және сол жердің ауырып, жанға батуы. Ол респираторлық немесе вирустық аурулармен байланысты болғандықтан, 7-10 күнде басылады. Афтозды стоматит те жеңіл емес. Стоматиттің бұл түрі ауызға жара болып шығады және оның басқа аурулармен ешқандай байланысы жоқ. Мұндай стоматит 5-10 күнге дейін созылып, қайталанып тұруы мүмкін. Ғылыми мақалалар авторы Лука Джаннеттидің жазуынша, афтозды стоматит – ауыздың сілекейлі қабатында пайда болатын жара түрінде шығады. Денсаулық жайлы мақалалар авторы Джоанна Бродер стоматиттің пайда болу себептерін былай сипаттайды: ауыз қуысына зақым келу; дәрі қабылдау; дұрыс тамақтанбау; ұйқының қанбауы немесе стресс; вирустар мен бактериялар; белгілі бір тамақ түрлері (цитрусты жемістер, кофе, шоколад, жаңғақтар); иммунитет төмен болған жағдайда; генетикалық бейінділік кезінде. Ауыз қуысында жарасы бар ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com Стоматит мұрын, тамақ аурулары кезінде, гормоналды өзгеріс уақытында немесе ағзада В12 дәруменінің төмендеп кетуі кезінде жиі пайда болады. Ауыз қуысын абайсызда тістеп алу немесе ащы тамақты шайнаудың өзі афтозды стоматитті тудыруы мүмкін. Герпетикалық стоматит вирустан пайда болатындықтан, афтозды стоматитті жұқтыру қаупі төмен. Ал герпетикалық стоматит бөртпе жарылып, толық жазылып біткенге дейінгі кезеңде өзге адамға жұу қаупі жоғары болып саналады. Стоматиттің толық жазылғанын қайдан білеміз? Суланған бөртпелер түріндегі стоматит жарылып, сосын терінің беткі қабаты қалпына келе бастайды. Жара түріндегі стоматит жазыла бастағанда қызарғаны басылып, шырышты қабықтың түсі бастапқы қалыпқа келеді. Бұл өзгерістің барлығы кемінде 10 күнге дейінгі уақыт аралығында жүреді. Ересектер мен балалар стоматитін қалай емдейді? Емдеу стоматиттің түріне байланысты жүзеге асырылады. Герпетикалық стоматит вирусқа қарсы дәрілермен емделеді. Афтозды стоматит емдеуді аса қажет етпейді, жара жанға батқан жағдайда арнайы жақпамайларды қолдануға болады. Ауыр, қайталанатын афтозды стоматит кезінде стероидты дәрілер беріледі. Кристина Кейс-Ло ұзақ кетпеген жаралардың медициналық көмекке зәру екенін атап көрсеткен. Баладағы стоматитті қалай тез емдеп алуға болады? Педиатр-дәрігер Евгений Комаровский: «Бөлмедегі температура мен ылғалдылық деңгейін нормада ұстау қажет, суды балаға жиі беру керек», — деп кеңес береді. Балаға тек жұмсақ, жылы тамақ беріңіз.Тамақтан кейін ауыз қуысында тағам қалдықтары қалмауын қадағалаңыз. Аурудың жеңіл өтуі үшін тіс шыққанда қолданатын жақпа майларын қолданыңыз. Майдың құрамында ледокаин болмауы тиіс.

Тоймбаева Маирагуль Шинаровна

ШЖҚ»Алакөл аудандық орталық ауруханасы»Достық ауылдық ауруханасы.

Фельдшер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *