Авторы: Танабаева Толғанай Абдимажитовна, операциялық мейірбике
Садыкбекова Гулнара Жумановна, посттық мейірбике
Умбеталиева Ботагөз Капаровна, операциялық мейірбике
Кербұлақ аудандық орталық ауруханасы
Анафилактикалық шок – ағзаның аллергенге сезімталдығы нәтижесінде пайда болатын ауыр аллергиялық реакция. Бұл шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін өмірге қауіпті жағдай.
Анафилактикалық шоктың себептері
Анафилактикалық шок кез келген аллергенге ағзаның реакциясы ретінде дамуы мүмкін. Оның негізгі себептері мыналар:
Дәрілік препараттар: антибиотиктер (пенициллин), анестетиктер, вакциналар.
Жәндіктердің шағуы: аралар, шыбын-шіркейлер.
Тамақ өнімдері: жаңғақтар, теңіз өнімдері, жұмыртқа.
Химиялық заттар: латекс, тұрмыстық химия өнімдері.
Анафилактикалық шоктың белгілері
Анафилактикалық шок жылдам дамиды – бірнеше секундтан 30 минутқа дейін. Оның негізгі белгілері:
Жалпы белгілер:
Терінің қызаруы, қышуы;
Қатты әлсіздік және бас айналу.
Тыныс алу белгілері:
Тыныстың тарылуы, тұншығу;
Жөтел және бронхоспазм.
Жүрек-тамыр жүйесі:
Қан қысымының күрт төмендеуі;
Әлсіз, жиі пульс.
Асқазан-ішек жолдары:
Жүрек айнуы, құсу, іштің ауруы.
Сана-сезімнің бұзылуы:
Есінен тану немесе комаға түсу.
Алғашқы көмек көрсету
Анафилактикалық шок кезінде уақытылы көмек көрсету – науқастың өмірін сақтап қалудың басты шарты.
Көмек көрсету қадамдары:
Жедел жәрдем шақыру: мүмкіндігінше шұғыл медициналық көмек шақырыңыз.
Науқасты жатқызу: науқасты тегіс жерге жатқызып, аяқтарын жоғары көтеріңіз.
Аллергенді жою:
Егер шок инъекциядан болса, ине орнын суық компресс арқылы өңдеу;
Жәндіктің шағуы болса, шағу орнын суық басу.
Адреналин қолдану: адреналинді 0,1% ерітіндісін бұлшықетке (санның сыртқы жағына) енгізу.
Тыныс алу жолдарын бақылау:
Тынысы тоқтаса, жасанды тыныс беру және жүрекке тікелей емес массаж жасау.
Антигистаминдік препараттар беру: егер мүмкін болса, дифенгидрамин немесе басқа антигистаминдік дәрілерді қолдану.
Медициналық көмек
Аурухана жағдайында науқасқа:
Адреналин, преднизолон немесе гидрокортизон енгізу;
Инфузиялық терапия (тұз ерітіндісі, коллоидтар);
Оттегі терапиясы;
Асқынуларды бақылау мақсатында науқасты тұрақты бақылау қажет.
Алдын алу
Анафилактикалық шоктың алдын алу үшін:
Аллергия тудыратын заттардан аулақ болу;
Аллергологпен кеңесіп, аллергендерге тест тапсыру;
Аллергияға бейім адамдарға арнайы «аллергиялық паспорт» алып жүру;
Дәрі-дәрмек немесе вакцина қабылдаған кезде аллергияның бар-жоғын хабарлау.
Қорытынды
Анафилактикалық шок – бұл өмірге қауіп төндіретін жағдай. Алғашқы көмек көрсету және жылдам әрекет ету науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Медициналық мейірбикелердің тез және нақты іс-әрекеті бұл жағдайда өте маңызды