Анафилаксиялық шок.

Мақала Скорая помощь

Авторлар: Курмаева Гульмира Маликовна -старший врач скорой помощи.
Бижанова Роза Тортаевна- старший врач скорой помощи.
Сурамбекова Айнур Рахимтурдиевна- врач выездной бригады скорой помощи. Талдыкорган

Анафилаксиялық шок-ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу , орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық жағдай.
Анафилаксиялық шок аллергенмен контакт болғаннан кейін бірнеше секунд немесе минут , кейде 2 сағатқа дейінгі уақыт ішінде дамуы мүмкін.


Шок дамуының жиі кездесетін себептері:

  • адам ағзасына дәрілік заттың түсуі немесе олардың метоболиттерінің түзілуі
  • ⁠жәндіктердің шағуы
  • ⁠түрлі тағамдар
  • ⁠латекске аллергия

Қауіп қатер факторлары:

  • анамнезінде дәрілік аллергиясы бар
  • ⁠дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану, әсіресе қайталау курсы кезінде
  • ⁠депо препараттарды пайдалану
  • ⁠полипрагмазия
  • ⁠дәрілік препараттар белсенділігінің жоғары сенсибилизациясы
  • ⁠дәрілермен ұзақ уақыт кәсіптік байланыс
  • ⁠анамнезінде аллергиялық ауруы бар
  • ⁠дерматомикоздың болуы ( эпидермофитин), пенициллинге сенсибилизациясы бар

Анафилаксиялық шоктың клиникалық түрлері:

  • таралған түрі
  • ⁠гемодинамикалық
  • ⁠асфиксиялық
  • ⁠абдоминалды
  • ⁠церебралды

Клиникалык көріністері тез дамиды және бірінші кезекте артериалды қысым төмендейді. Клиникалық көріністері шоктың түріне байланысты.
Гемодинамикалық түрінде жүрек -қан тамыр жетіспеушілік және өкпе ісігі белгілері басым.
Асфиксиялық түрінде бронхоспазм симптомдары дамиды.
Церебральды түрінің клиникалық көрінісінде нервті-психикалық қозу және құрысулар болуы мүмкін. Абдоминальды түрінде ішек тегіс бұлшық еттерінің спазмы дамиды.

  1. Жедел көмек:
  2. Аллергеннің ағзаға түсуін тоқтату (дәрілік затты енгізуді тоқтату).
  3. Пациентті жатқызып, аяғын шамалы көтеру, таза ауа келуін қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда оттегі ингаляциясын жасау.
  4. Мүмкін болса дәрілік зат енгізген жерден немесе жәндік шаққан жерден жоғары жгут салу.
  5. Адреналин гидрохлорид 0,18% 0,5 мл бұлшық етке егу. Қажет болған жағдайда 5-20 минутта осы дозада қайталап егу.
  6. Гормональды ем: бастапқы дозада: преднизолон 90 — 120 мг көк тамырға, дексаметазон 8-32 мг көк тамырға тамшылатып.
  7. Антигистаминді препараттар: дифенгидрамин 1% 1,0 бұлшық етке.
  8. Инфузионды ем: натрий хлорид 0,9% 1 литрден аз болмау керек.
  9. Бронхообструктивті синдромда: сальбутамол ерітіндісі 2,5 мг/ 2,5 мл ( небулайзер арқылы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *