Қан кету. Қан кетудің түрлері. Алғашқы көмек

Мақала Скорая помощь

 

Автор: Бердағұл Меруерт Серікқызы, аға дәрігер

Калдыханова Гульмира Кунесовна, аға дәрігер

Бидахметұлы Руслан, аға дәрігер

 “Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы”ММ ШЖҚ

“Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы” МКК

 Қан кету —  тамыр қабырғасының жарақаттану салдарынан немесе өткізгіштігінің бұзылуынан қанның тамыр қабырғасынан шығуы. Бұл жарақаттанған адамның өміріне қауіп төндіретін ең қауіпті травматикалық асқыну.

Қан кетудің түрлері:

  • Көктамырдан қан кету — Көктамырдың қабырғасының бүтіндігі бұзылғанда пайда болады.  Қан тамырларынан қошқыл қанның шашусыз, пульсациясыз көп мөлшерде ағуы.
  • Артериялық қан кету қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді. Жара үстінен аққан қанның белдікшесі көрінеді (валик). 1-2 минут ішінде кеткен қан мөлшерінің диаметрі 1 метрге жетеді.
  • Капиллярлық қан кету- Қанық қызыл түсті қан аз мөлшермен баяу ағады. Зақымданған бөліктің барлық жағынан қан ағады. Өздігінен тоқтап қалуы мүмкін.
  • Паренхиматозды қан кету- капиллярлық қан кетудің бір түрі. Ол паренхиматозды мүшелер жарақаттанғанда болады. Мысалы: бауыр, бүйрек, өкпе, көкбауыр.
  • Асқазан-ішектік қан кету және өңештің варикозды-кеңейген веналарынан қан кету: асқазанның ойық жарасынан немесе 12 елі ішектен қан кету.

Қан кетудің барлық түрлері, оның ішінде ішкілері үшін жалпы симптом – көп мөлшерде қан жоғалту кезіндегі жіті анемия болып табылады.

Жергілікті белгілері қан кеткен орынға байланысты әр түрлі болады:

 – бассүйек қуысына қан кеткен кезде бастың қатты қысып ауру сезімдері дамиды;

– өкпеқап қуысына қан кету (гемоторакс) өкпені зақымданған жағынан ығыстыруға байланысты ентігудің пайда болуымен жүреді, көкірек қуысын диагностикалық пункциялау кезінде өкпеқап қуысынан қан анықталады;

– тері астындағы ұлпа органдары (көкбауыр, бауыр) зақынданғанда, жатырдан тыс жүктілік кезінде түтіктер үзілгенде, құрсақ қуысы жарақаттанғанда және басқа да зақымданулар кезінде қан құрсақ қуысына жинақталады (гемоперитонизм) және іш бұлшық еттерінің ширығуымен, ауырсынулармен, жүрек айнумен, құсумен және көк ет тітіркенуінің басқа да симптомдарымен көрінеді;

– жүрек қабы қуысына (гемоперикард) қан кету кезінде жүрек тампонадасы (жүрек қызметінің төмендеуі, цианоз, веналық қысымның артуы) клиникалық белгілері өседі;

– ішкі қан тамырлық қан кетудің белгілері: қан тамыры көлемінің ұлғаюы, қозғалу және пальпация кезіндегі бірден ауырсыну, қозғалғыштықтың шектелуі. Диагноз қан тамыры қуысының пункциясында қанның болуымен расталады;

Барлық ішкі қан кетулерді анықтау жақсылап жиналған анамнезді  және жедел ауруханаға жеткізілуді талап етеді.

Қан кетудің жалпы белгілері:

  • әлсіздік;
  • бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
  • көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
  • ауа жетіспеушілік сезімі;
  • мазасыздану;
  • жүрек айну;
  • тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
  • науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
  • жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс;
  • артериялық қан қысымының төмендеуі;
  • ентігу;
  • несеп түзілуінің азаюы;

 Алғашқы көмек

1. Капиллярлық қан кету кезіндегі алғашқы көмек. Барлық адамда  көптеген кішігірім жарақаттарда капилярлық қан кетеді. Қан кетудің бұл түрінде қан тоқтауы өздігінен жүреді немесе жарақатқа таңғышты қолдану арқылы тоқтатуға болады. Қажет жағыдайда жараны антисептикпен шаю керек.

2. Артериялық қан кету кезіндегі алғашқы көмек. Артериядан қан кету кезінде зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілгенге дейін қан кетуді уақытша тоқтату өте маңызды. Ол кезде қан кету орнынан жоғары қан тоқтатуға арналған турникет немесе жгут салыну керек, бұлар болмаған жағдайда бұрау салуға да болады. Қан тоқтаған соң салынған уақыты жазылып бекітіледі, жазғы уақыт болса 1 сағат, қыста 30мин соң ауруханаға жеткізілмесе, 3-5 минутқа жіберіп, уақытты бекітіп  қайта жгут қойылады. Егер қан ағымы күшті болмаса (кішкентай артериялар әсер етсе), жарақатқа таңғышты таңу арқылы көмек көрсетуге болады.

3.Көктамырлық қан кету кезіндегі алғашқы көмек. Қан тоқтату үшін қысып таңу қолданылады. Оған қалың дәкені алып, жарақаттың орнына қысып байлаймыз, қан дәкеден өтіп кеткен жағыдайда тағы да бірнеше қабат дәкемен басып байлаймыз. Қан кету тоқтамаса, қан кету орнынан төмен жгут қоюға болады.  Егер ол да көмектесе алмаса, сіз қан кетудің қандай да бір түрін қате немесе дұрыс анықтамағандығыңызды білдіреді.

Барлық ішке қан кетулерді анықтау жақсылап жиналған анамнезді  және жедел ауруханаға жеткізілуді талап етеді.

Кеткен қанның мөлшерін толықтыру мақсатында екі жақты көктамырға венаішілік коллоидты және кристолоидты ертінділерді құю арқылы жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *