Авторлар:Шарипова Раушан Оразхановна,акушер
Бекбаева Асия Иембергеновна,акушер
ГКП на ПХВ «Алакольская центральная районная больница» Достык
«Эндометриоз» терминімен жатырдың сілемей қабатының ауруы аталады. Жатырдың сілемей қабаты эндометрий немесе эндометроидтық тін аталады. Қалыпты жағдайда етеккір кезінде эндометрийдің ажырауы өтеді. Эндометрий — жатыр қуысының жабындысы. Алайда, эндометриоз кезінде жатырдың сілемей қабатының тіні жатыр түтіктері арқылы аналық безге, жамбас қуысына, қуыққа немесе басқа аумаққа түсуі мүмкін. Етеккір кезінде бұл тін жатырдың сілемей қабаты секілді қанайды. Бұл үрдіс әдетте, ауырсынады және жамбас қуысында тыртық тінінің түзілуіне апарады. Жатыр әйелдің репродуктивтік жүйесінің бөлігі. Ол – ұрықтың дамуы өтетін, алмұрт пішінді қуыс ағза. Жатыр жамбас қуысында, несеп қап пен тік ішектің арасында орналасқан.
Жатырдың төменгі тарылған тұсында мойны орналасқан. Жатырдың мойыннан жоғары орналасқан кең бөлігі жатырдың денесі аталады. Күмбез тәрізді жоғарғы бөлігі жатырдың түбі аталады. Жатыр түтіктері — жатырдың екі жағында орналасқан өсінділері. Олар аналық бездермен аяқталады. Жатырдың қабырғаласы екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эндометрий аталады. Жатырдың сыртқы қабаты бұлшық еттен тұрады және миометрий аталады. Бала өрбіту жасындағы әйелдерде әр ай сайын эндометрийдің қалыңдауы өтеді, бұл жатырдың жүктілікке дайындығымен байланысты. Егер жүктілік орнамаса, эндометрийдің қалың сыртқы қабаты ажырайды және қынап арқылы қан ұйындысымен бірге сыртқа шығады. Бұл етеккір аталады.
Эндометриоздың симптомдары қандай? Эндометриозды анықтау өте қиын. Егер жыныстық қатынас кезінде немесе етеккірдің бірінші күндерінде күшті ауырсыну болса, белде немесе тік ішек аумағында ауырсыну болса, бұл эндометриоздың салдарынан болуы мүмкін. Бұл симптомдардың болуының өзінде дәрігер науқаста эндометриоз болуына сенімді болмайды. Мұндай ауырсынулардың себебі көптеген ауруларға тән болуы мүмкін. Дәрігер эндметриозды қалай анықтайды? Дәрігер медициналық тексеруді өткізеді, аурудың симптомдары туралы сұрайды. Дәрігер симптомдардың себебі – эндометриоз екендігі туралы күмәнданғанымен, оған анық көз жеткізу үшін лапароскопия жасау қажет. Бұл дәрігерге жатырдың қуысын зерттеуге мүмкіндік береді. Ем-шараны орындау үшін теріде кішкене тілік жасалып, ол арқылы іш қуысына жіңішке түтік енгізіледі. Дәрігер шағын камераны пайдаланып, эндометриоз ошақтары болуын қарай алады. Бұл ем-шара кезінде жалпы наркоз беріледі, науқас ауырсынуды сезбейді.