Авторы: Смадилова Лаура Омерсерикқызы Үлкеншыған дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжрибелі мейірбикесі Жаксыбекова Раушан Сламжанқызы Үлкеншыған дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжрибелі мейірбикесі ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК
Тұмау –адамнан адамға жеңіл таралатын жедел вирустық инфекция.
Тұмау жұқтырған адам жөтелгенде, немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы,лас қол арқылы,таза емес тұрмыстық заттар,ойыншықтар мен басқа заттар арқылы жұғады.
Тұмау белгілері:
Бастың ауруы, тұмаурату, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, тамақтың жыбырлауы, жөтелу, құсу, дене қызуының көтерілуі, жөтелу, құсу,бұлшықеттердің ауруы, жалпы әлсіздік.
Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақыртыңыз. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне байланысты асқынулар, сондай-ақ, созылмалы аурулардың өршуі жатады. Жүкті әйелдердің тұмаумен ауруы өте қауіпті – түсік тастауына немесе мерзімінен бұрын босанып қалуына ұшыратады. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Тұмаудың алдын алу
Тұмау кезіндегі профилактикалық шаралар: әрбір 2 сағат сайын мұрын шырышты қабаттарын оксолин мазімен майлап отырыңыз. Бөлмелерді жиі желдетіп отырыңыз. жеке бас гигиенасын сақтау, қолды жиі және мұқият жуған абзал. қатты тоңбау, ауа райына байланысты киім кию керек; пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш және де С витаминіне бай (орамжапырақ, қара қарақат, бүлдірген, лимон, апельсин, итмұрын, болгар бұрышы) тағам өнімдерін тұтыныңыз. Тұмаудың немесе оның ауыр зардаптарының алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация болып табылады.