Автор: Шуиншинова Гулдария Аскербаевна
ГКП на ПХВ Алакольская ЦРБ стоматология мед бикесі
Тіс кариесі Егер тісіңді дұрыс тазалап жумасаң, оның бетінде миллиондаған бактериялар тіршілік етуіне жол бересің. Оның көпшілігі ауру тарататындар болып саналады. Тістегі бактериялардың тіршілік барысында әр түрлі қышқылдар түзіледі. Сол қышқылдар бактериялармен қосылып, тістің эмалын (сыртқы қабатын) бұзады. Тіс тіндерінің бұзылуын — кариес (латын тілінде — шіру деген сөз) деп атайды. Кариес тіс бойымен терендеп, әуелі тістің негізгі заты — дентинді, одан кейін ұлпаны (пульпа), ең соңында тіс жүйкесін бүлдіреді. Бұл кезде тіс қатты ауырып, адам шыдай алмайды, ауырған жерде қабыну дамиды. Ол бірте-бірте тістің түбіріне және жақ сүйектерінің сүйек қабығына таралады. Кариес түскен тісте бактериялардың әсерінен әр түрлі зиянды заттар түзіліп, соның нәтижесінде ревматизм, жүрек, бүйрек және буын ауруларының дамуы мүмкін. Сондықтан тіске кариес түссе, дереу оны емдетіп, пломба қойдыру керек. Егер тіс емделуге келмейтін жағдайда болса, онда оны жұлдырып тастау қажет. Тіс кариесі болмау үшін, күніне екі мезгіл тісті тіс пастасымен (құрамында фтор бар) тазалап, әрбір тамақ ішіп болғаннан кейін тісті жылы сумен шайқап отырған дұрыс. Флюс Өмірде тісі ауырса да, тіс дәрігеріне баруға қорқатын адамдар көптеп кездеседі. Міне, осындай адам бір күні таңертең тұрғанда, бір жақ ұртының ісіп кеткенін, сол жердің қатты ауырып тұрғанын сезінеді. Бұл қызыл иектің көпсіп қабынуы флюс деп аталады. Флюс дер кезінде тіс дәрігеріне бармай, тіс тіндерінің асқынып, қабынып кетуі. Сондықтан қызыл иектегі тіс түбі ісіп кетсе, қанша қорықсаң да стоматолог-дәрігерге баруға тура келеді. Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз: Тістің құрлысы жайлы қызықты ақпарат. Қақырық неден пайда болады және одан құтылу жолы. Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері. Үсік шалу кезінде адам ағзасында жүретін процесс.