Авторлар:Кузбаева Ш.Ж, Кадырбекова К. Д, Толгамбаева А.Б, Медбикелер
ШЖҚ «Көксу аудандық орталық ауруханасы»МКК
Медициналық қалдықтар — бұл медициналық ұйымдарда емдеу-алдын алу шараларын жүргізу кезінде пайда болатын қалдықтар.
Медициналық қалдықтарға науқастарға күтім жасайтын заттар, таңғыштар, мақта, шприцтер, инелер, дәрі-дәрмектердің қалдықтары, дене тіндері және қан жатады. Олардың барлығы ықтимал қауіп төндіреді.
Залалсыздандырылмаған инъекциялық шприцтер мен инелер арқылы дұрыс кәдеге жаратылмаған (жануға бейім емес), дұрыс көмілмеу нәтижесінде бүкіл әлемде миллиондаған адамдар қауіпті ауруларды жұқтыруы мүмкін. Қалдықтарды дұрыс пайдаланбау көбінесе физикалық зақымға әкеледі: өткір қалдықтардан жарақаттану және денені кесіп алу. Жарақаттан басқа мұндай зақымданулар өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, өйткені В және С гепатиттері, АИТВ инфекциясы және т. б. сияқты қауіпті аурулардың қоздырғыштары тікелей қанға енуі мүмкін. Емдеу-алдын алу ұйымдарында медициналық қалдықтардың құрамында инфекция қоздырғыштары болуы мүмкін.
Сонымен қатар, медициналық қалдықтарда улы және радиоактивті заттар болуы мүмкін, олар топыраққа, ауаға және суға түсіп, планетаның экологиясына үлкен зиян келтіреді.
Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесіне байланысты 5 класқа бөлінеді:
1. «А» класындағы медициналық қалдықтар — коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардан ерекшеленбейді және қауіпті қасиеттерге ие емес;
2. «Б» класындағы медициналық қалдықтар – эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (жұқтырған және ықтимал жұқтырған қалдықтар. Қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар мен құралдар. Патологиялық-анатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар (ағзалар, тіндер).
3. «В» класындағы медициналық қалдықтар – эпидемиологиялық өте қауіпті медициналық қалдықтар (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған материалдар).
4. «Г» класындағы медициналық қалдықтар – токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (пайдалануға жатпайтын дәрілік, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары). Құрамында сынабы бар заттар, аспаптар мен жабдықтар. Фармацевтикалық өндіріс шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары.
5. «Д» класындағы медициналық қалдықтар – радиоактивті медициналық қалдықтар (құрамында радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын мөлшерде және концентрациядағы радиоактивті заттар бар).
Медициналық қалдықтар бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптарға, пакеттерге, металл және пластик ыдыстарға, қауіпсіз кәдеге жарату үшін контейнерлерге жиналуы тиіс.
Медициналық қалдықтарды олардың қызметінің негізгі түріне жататын ұйымдарда кәдеге жарату қажет.