КӨЗІҢІЗДІ АЯЛАҢЫЗ (САҚТАҢЫЗ)

Медицина в РК

Автор:

Б.Б.Танабаева

Дәрігер-офтальмолог

«Коксумед» клиникасы

Көру органының зақымдануы адамдардың көрмей (соқыр болып) қалуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Органның тіркелген жарақаттары көбіне көп, тіпті үстірт, жеңіл ғана зақымдануына көздің негізінен сезімталдығының жоғары болуына байланысты болады. Ондаған, киім-кешекке қонатын немесе қолдың, беттің ашық жеріне жұғатын ұп-ұсақ сынықтар (қоқымдар) әдетте көзге көрінбейді. Алайда, солардың біреуі ғана конъюнктивалдық қапқа немесе көздің мөлдір қабығына түсіп кеткен жағдайда көз түйіліп, жарыққа қаратпай жас ағады да, бірден адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қажетті көмектің көрсетілуін талап ете бастайды.

Көзді емдеудің нәтижесі алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуіне байланысты болады. Көздің алмасы жай ғана үстірт зақымданған болып көрінгенмен көздің көру қабілетіне қауіп төндіріп, жарақаттайтын затпен түскен іріңді қоқымның арты ауыр жағдайға апарып соқтыруы мүмкін. Сондықтан, көзді таза сумен жуып, көздің қабағын ақырын ғана қайыра отырып, таза суланған мақтамен қоқымды алып тастау қажет. Көздің мөлдір қабығына жабысқан қоқымды өз бетімен алып тастауға болмайды, оны тек медицина қызметкері ғана алып тастауы қажет. Сырттан түскен зат көздің мөлдір қабығын жарақаттаған жағдайда жараның пайда болу қаупі бар, ал оның арты көздің көру қабілетін анағұрлым төмендететін ақтың түсуіне, асқынып кеткен жағдайда көзден айырылуға дейін апарып соқтыруы мүмкін.

Көз ауыр жарақат алған кезде арнаулы білікті маман көмегінің қанша уақыттан кейін көрсетілгенінің де мәні өте зор. Дәрігерге көрінгенге дейінгі уақыт неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым көзде инфекция өрбіп, көз көрмей қалуы мүмкін.

Сондықтан, көзіңізге зақым келген жағдайда оны құрғақ бинтпен орап, тез арада дәрігерге жетуге тырысу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *