Инфекция және инфекциялық аурулар туралы түсінік

Инфекционные болезни Мақала

Авторлар: Оспанова Салтанат Жараскановна медсестра врачебно-консультационного кабинета.

Турганова Гульшат  Саметовна, медсестра инфекционного кабинета

Жаксыгелдинова Айман Кенжегалиевна, медсестра Флюорокартотека

Гкп на Пхв Алакольская ЦРБ г Ушарал

Медициналық және мал дәрігерлік микробиологияның, эпидемиологияның және эпизоотологияның даму барысында инфекция (латынша инфектио — жұқтыру, зарарландыру) ұғымы біршама өзгерді. Алғашында медициналық сөздіктерде инфекция деп тек жыныс мүшелері арқылы тарайтын ауруларды атайтын. Кейіннен бірте-бірте инфекция деген ұғымның мағынасы ұлғайып, қазіргі кезде адам мен жануарлардың зиянды (патогендік) микроорганизмдер туғызатын бүкіл ауруларын атайды.

Сонымен, ғылыми тұрғыдан қарағанда инфекция дегеніміз патогендік микробтардың микроорганизмде орын тепкеннен кейінгі өзара эволюциялық қалыптасқан күрделі биологиялық қарым-қатынасы.

Белгілі бір ортада ауру қоздырғышы мен микроорганизмнің өзара қарым-қатынасының өршу барысын инфекциялық процес деп атаймыз. Бұл ұғымға бір жағынан ауру қоздырғышының өсіп-өнуі, таралуы және орналасуымен қоса микроорганизмнің оған қарсы күресу қабілеті енеді. Бір сөзбен айтқанда, инфекциялық процесс жұқпалы аурудың залал-зардабының негізі.

Биологиялық тұрғыдан қарағанда инфекция тірі жанның өзара қарым-қатынасындағы паразитизмнің бір түрі. Ғалымдар бұл шешімге, яғни инфекцияны биологиялық процесс ретінде тек XIX ғасырдың екінші жартысынан кейін ашылған жұқпалы аурудың қоздырғышы бар екені анықталғаннан кейін ғана келді. Алғашқы кезде жануарлар организмін микробтардың өсіп-өнетін бейтарап ортасы деген ұғым қалыптасқан. Бұл көзқарастың шалалығы мен күмәнділігін мезгейтін Л. Пастер мен И. К. Мечниковтың жұмыстары жұқпалы ауру — микроб қоздырғышы мен макроорганизмнің оғаң қарсы тұратын корғаныс күштерінің өзара күресуі екенін дәлелдейді. И. П. Павловтың нерв жүйесін тексерген жұмыстары организмдер кездесетін жалпы ортаның зор маңызының барын көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда инфекцияның күшеюіне, тарауына макроорганизмнің бірталай ықпалы бар.

Инфекцияның басталуы ми өршуі үшін әр аурудың өзіне тән қоздырғышы, оның денеге даруына қажетті жайлары және қоздырғыштың макроорганизмге ауру тудыра алатын қабілеті болуы керек. Осы айтылған жағдайлардың бәрі қолайлы кезде қоздырғыш өз «күшіне мініп» инфекциялық (жұқпалы) ауру қозады. Инфекция өрши бастағанда оның залал-зардабына тән аурудың сыртқы белгілерін байқауға болады.

Сонымен инфекция дегеніміз эволюциялық жағдайда қалыптасқан микробтардың макроорганизмде тоғышарлық тіршілік етуі салдарынан болатын ауру. Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан біршама өзгешеліктері бар: біріншіден, әр аурудың жеке қоздырғыш микробы болады, ол ауру малдан сау малға жұға алады; екіншіден, ауру қоздырғышы сау мал организміне енгеннен аурудың алғашқы сыртқы белгілері білінгенге дейін біршама уақыт өтеді, оны жасырын (инкубациялык) кезең дейміз, одан кейін аурудың өршуі және бәсеңдеу кезеңдері өтеді; үшіншіден, ауру қоздырғышына қарсы жауап ретінде организмде иммунитет (қорғаныш күш) пайда болады.

Осы құбылыстар әр ауру қоздырғышының бағыттылығына, уыттылығына және макроорганизмнің осыларға қарсы қоя алатын қорғаныс күшіне байланысты. Сондықтан да бірталай жағдайларда инфекциялық аурудың сыртқы белгілерінің байқалмауы мүмкін. Аурудың мұндай түрінде тиісті шаралар дер кезінде жүргізілмесе инфекция кең тарап, етек жайып кетеді.

Макро және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы эволюциялық дәуірде қалыптасқан және бүкіл тірі жан-жануардың барлық белгілі симбиоздық бірге тіршілік ету қатынасын қамтиды. Ол қатынастар  мутуализм, комменсализм, паразитизм.

Мутуализм дегеніміз, симбионттардың (бірге тіршілік етуші организмдердің) бір-біріне пайдалылығы. Мысалы күйіс қайыратын мал қарнында тіршілік ететін микробтар өсімдік клетчаткасын ыдыратып, крахмалға айналуға көмектеседі де, өздеріне керекті бактериялық белокты ажыратып алады. Ішек таяқшасы бактернясы ас қорыту органдарында макроорганизмге керекті В2, В3, В5, В6, В7, В9, В10, К2 және Е витаминдерін құрап шығарады, микробтың кейбір түрлері В1, В12 және К витаминімен қамтамасыз етеді. Комменсализм (жемтіктестік) дегеніміз симбионттардың бір-біріне зияны тимей, біреуінің екіншісінің еншісімен қоректенуі. Комменсалдарға тері бактериялары, антиномицеттер, стафило және стрептококктар, тыныс жолдарындағы пневмококктар, пастереллалар және ірің стрептококктары, ішек-қарындағы ішек таяқшасы, энтерококктар және шіріту микробтары. Кейде бұл комменсалдар мал қоңы төмендегенде жеке ауру қоздырғышы болып шығуы да мүмкін.

Паразитизм дегеніміз табиғатта ең көп тараған бір организмнің екінші организм тарапынан қоректенуі. Микроб-паразиттер өздері мекендеген иесінің есебінен қоректеніп, өсіп-өнуімен қоймай, оған тікелей зиян келтіреді. Мұндай микробтарды патогендік (ауру тудыратын) деп атайды. Бұлар енген организмде микробтардың өсіп-өнуіне қарсы жауап ретінде қорғану күштерінің шамасына қарай патогенді микробтар зарарсызданады немесе сол микробтың түріне байланысты ауру басталады. Мұндай ауру туғызатын микроб-паразиттерге әр түрлі бактериялар, вирустар, грибоктар, риккетсиялар, микоплазмалар және хламидиялар жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *