Жүктілік кезінде бел неге ауырады

Мақала

Авторлар:Шарипова Раушан Оразхановна,акушер

Бекбаева Асия Иембергеновна,акушер

ГКП на ПХВ «Алакольская центральная районная больница» Достык

Жүктілік — әйел өміріндегі ең бақытты әрі сақ жүруді қажет ететін ерекше кезең. Сондықтан кез келген жайсыздық үлкен мазасыздыққа себепші болады. Ағза адамның дүниеге келуіне дайындалып, біршама өзгере бастайды. Ал бұл өз кезегінде болашақ ананың денсаулығына елеулі әсер етеді. Бел ауырса, не істеу керек?

«Мұндай шағым туындауының себебі көп екенін ескерсек, бел ауырған жағдайда дәрігермен кеңескен дұрыс. Жыныс мүшесінен қоңыр немесе қан аралас бөлініс шығуы, демалғаннан кейін де бәсеңдемейтін бел ауруы, дене қызуының көтерілуі, шап пен аяқтағы ауырсынудың үдеуі тез арада дәрігерге қаралуға себеп болады»

Жүктіліктің ерте мерзімінде бел неге ауырады

Көп адам жүктіліктің 10-12 аптасында өзгерістердің аз болатыны соншалық, ештеңе жайсыздық тудырмауы керек деп санайды. Іш әлі кішкентай болғандықтан, белге ауыртпалық түспеуі керек. Бірақ мұндай ой шынайы жағдайға сәйкес келе бермейді. Себебі жүктіліктің бірінші аптасынан бастап ағзада ішкі өзгерістер басталады, деп жазады 

Бірінші триместр

Жүктіліктің алғашқы 12 аптасында бел ауыруының жиі кездесетін себептеріне мыналар жатады:

Бүйрек ауруы. Әсіресе жүкті әйелдерді цистит пен пиелонефрит мазалайды. Уролог немесе нефрологқа шұғыл жүгінуге белдегі ауырсыну, жиі зәр шығару, кіші дәретке барғанда ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, қалтырау және әлсіздік себеп болады.

Жатырдың жоғарғы тонусы. Бұл белдің құрсауланып ауыруы, іштің кебуі арқылы байқалады. Жатырдың аздап жиырылуы ауру болып саналмайды. Себебі жатырдың ең күшті қабаты бұлшықеттен құралған. Алайда физикалық жүктемеден туындайтын қарапайым тонусты түсік тастау алдындағы симптомнан ажырата білу керек.

Қимыл-тірек аппараты ауруының асқынуы. Радикулит, остеохондроз, омыртқа жарығы — егер анамнез кезінде осы тектес проблема болса, онда олар жүктілік кезінде асқынуы әбден мүмкін. Алайда шамадан тыс мазасызданбаған жөн. Себебі дәрігер тиімді терапия тағайындау арқылы жағдайды оңтайландыра алады.

Гормонды өзгеріс. Жүктілік кезінде релаксин гормонының деңгейі біртіндеп арта береді де, бұл омыртқа буындары қозғалғыштығының артуына және сіңірлердің босауына алып келеді. Бұл жағдайда белдегі ауырсыну ұзақ серуен, ыңғайсыз жатып ұйықтағаннан немесе компьютер алдында ұзақ отырғаннан кейін пайда болады.

Жаңа түзілістер. Омыртқада қатерлі ісіктің пайда болуы ауырсыну және жайсыздық тудырады. Ағзада болып жатқан гормонды өзгерістер салдарынан жаңа түзілістер қарқынды түрде ұлғайып, ауру тудыруы мүмкін.

«Егер ерте жүктілік кезінде ауырсыну қарқыны артса немесе толғақ тәрізді сипатта болса, сондай-ақ қан аралас бөлініс пайда болса, онда тез арада дәрігерге қаралу керек. Осы тектес симптомдар жатырдан тыс жүктілік белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда уақыт жоғалтпау маңызды», — дейді акушер-гинеколог Виктор Тютюнник.

Жүктіліктің соңғы мерзімінде неге бел ауырады

Екінші және үшінші триместрде ана ағзасына түсетін жүктеме айтарлықтай артады да, бұл жайсыздық туындауына және созылмалы аурулардың асқынуына себеп болады.

Екінші триместр

Екінші триместр кезінде де белдегі ауырсыну бірінші триместрдегідей сипатта өтеді. Дегенмен, ішкі органдардың ығысуын ерекше атап өткен жөн. Өсіп жатқан нәрестеге ананың ішінде көбірек орын қажет болады да, бұл омыртқаға қосымша жүк түсіріп, ауырсыну тудыруы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *