Автор: Бекбосынова Айгуль Аргимбековна — балалар медбикесі ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» Қабанбай ауылдық аурухана бөлімшесі
Балалардың терісі ересек адамның терісіне қарағанда бір неше есе жұқа, негізгі қабаттардың байланысы әлсіз, тері баланың он екі жасына қарай қалыптасады.Тер бездері жеткіліксіз дамыған, нәрестелердің терісінде судың көп мөлшері бар, бейтарап немесе сәлсілтілі РН 6.2-7.5 болады, оның қышқыл қорғанысқа баты жоқ және сыртқы әсерлерге: инфекцияларға және әртүрлі қоздырғыштарға қарсы тұру қиынға соғады.
Жаңа туылған нәрестелердің барлық тері ауруларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топ – бұл өмірдің алғашқы күндеріндегі сәбилерге ғана тән аурулар.
Екінші топ – дұрыс күтім жасамағандықтан, жаңа туған нәрестелердегі тері проблемалары.
Үшінші топ – бактериялар тудыратын, іріңді аурулар.
Жаңа туылған кезең баланың өмірінің басқа кезеңдерінде кездеспейтін терінің зақымдануы мен сипатталады.Терлеу – нәресте күтіміндегі ақауларға байланысты жаңа туған нәрестенің терісінің инфекциялық емес аурулары.Баздану — бұлшамадан тыс үйкеліс орындарында, ұзақ уақыт зәр мен нәжіске ұшыраған жерлер де, терінің қатпарларында пайда болатын жаңа туған баланың тері ауруы.