Авторы: Даиржанова Раушан Касымхановна, Оториноларинголог-сурдолог, ТОО Медицинский центр » Мартебе»
Қазіргі кезде балалардың есту кемістігіне аса зор көңіл бөлінеді. Кереңдік пен саңыраулықтың қауіпті факторларын анықтау үшін, барлық жағдайдың егжей-тегжейін анықтау маңызды.
Бұларға жататындар:
1. Анасының жүкті болған кезіндегі ауырған жұқпалы және вирустық аурулар ( қызылша, қызамық, тұмау, цитомегаловирус, алапес, токсоплазмоз)
2. Токсикоз (жүрек айнуы) және түсік түсу қауіпі.
3. Жаңа туған баланың тұншығуы (асфиксия).
4. Босану кезінде баланың бас сүйегіне зақым келуі.
5. Гипербилирубинемия ( 20 моль/л артық ).
6. Нәрестенің гемолитикалық ауруы.
7. Туған кезінде салмағының 1500 г кем болуы.
8. Шала тууы.
9. Анасының жүкті кезінде ототоксинді дәрілерді ( аминогликоз тобының антибиотиктерін – стрептомицин, мономицин, канамицин, гентамицин және т.б.), дәрілік препараттар: фуросемид, аспирин, хининді қабылдауы.
10. Анасының жасы 40-тан асып кетуі.
11. Анасының есту талшықтарын бұзатын тұқым қуалайтын аурудың болуы.
1. Естімейтін бала есту кемістігі бойынша мынандай топтарға бөлінеді .
а) Нашар еститін балалар жаңа халықаралық классификация
бойынша:
1- дәрежелі нашар еститін: 26-40 дб.
2.-дәрежелі нашар еститін: 41-55 дб.
3.-дәрежелі нашар еститін: 56-70 дб.
4.-дәрежелі нашар еститін: 71-90 дб.
б) Естімейтін балалар 91-дб жоғары қарай:
1 топтағы естімейтін -250 гц дыбысты қабылдайтын.
2.-топтағы естімейтін -500 гц дыбысты қабылдайтын.
3.-топтағы естімейтін -1000 гц дыбысты қабылдайтын.
4.-топтағы естімейтін -2000 гц және одан жоғары.
4-дәрежелі нашар еститін балалардан бастап жәрдемақы беріледі.
2. Есту кемістігі бар балалар екі топқа бөлінеді:
1. естімейтін
2. нашар еститін
Есту кемістігін бала дүниеге келгеннен бастап тексеру арқылы
анықтауға болады. Анықталмаған жағдайда баланың ата-анасы баланың есту кемістігін байқаған соң, тезірек сурдолог маманға жолығып, есту кемістігін анықтаған жөн. Есту кемістігі анықталған соң, баланың қай топқа жататыны, қандай дәрежеде есту кемістігі бары анықталып, соған орай коррекциялық жұмыс түрлері сурдопедагог маманның көмегімен жүргізіледі.
3. Баланың есту кемістігінің деңгейіне қарай, есту арақашықтығын анықтап алған соң, түзету жұмыстарын жүргізген жөн.
Есту кемістігі бар балаларға кохлеарды имплант жасаған жөн.
1. Кохлеарды имплант жасату үшін баланы жан-жақты тексеру керек.
2. Диагностикалық кеңес. Баланың есту кемістігінің деңгейін анықтау.
3. Операцияға дейін және операциядан кейін баламен реабилитациялық,
коррекциялық жұмыс жүргізу керек.
5. Операцияны ақыл-ойы шектелген балаларға жасау орынды емес,
интеллектісі дұрыс дамыған балаларға жасау өте қажет, әрі тиімді.
Есту кемістігі бар балаларға кохлеарды имплант жасау деген не :
операциялық жолмен құлақ ішіндегі улиткаға орнатылған электронды электродтар арқылы мидың есту бөлімімен байланыс жасалып, баланың ми арқылы дыбыстарды қабылдауы.
операциядан кейін бала дыбыстарды бірден қабылдап, естіп сөйлеп кетеді деу қате түсінік. Есту, тыңдау қабілеті біртіндеп коррекциялық жұмыс түрлерін сурдопедагог мамандар жүйелі жүргізген жағдайда іске асырылады.
ата-ана да аса шыдамдылықпен, сурдопедагог сабағына қатысып, үйде сол жаттығуларды қайталап, балаға көмектесуі аса қажет.
Нашар еститін балалар дыбыс күшейткіш аппаратты қолданғаны жөн.
І Дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану әдістері:
1. Дыбыс күшейткіш аппаратты баланың есту, қабылдау мүмкіншілігіне байланысты жұмыс режимін дұрыс қойып пайдалану керек.
2. Дыбыс күшейткіш аппараттың баланың құлақ қуысына орнықты дұрыс орналасуын қадағалау қажет.
3. Құлақты өте таза ұстап, тазалап отыру қажет. Дыбыс күшейткіш аппараттың түтікшесін құлықпен жабылып қалудан сақтап, үнемі тазалап отыру керек.
4. Дыбыс күшейткіш аппараттың жұмыс режимін, дыбысын кү- шейтуді, төмендетуді, орташа қабылдау жолдарын балаға көрсетіп, балаға ең жағымды жағдайын пайдалану қажет.
5. Дыбыс күшейткіш аппаратты алғаш киген кезде, құлақта көп ұстамау керек, ақырындап, біртіндеп 20-30 минуттан бастап 1-3 сағатқа дейін, содан соң балаға қажет сабақта, сабақтан тыс кезде, үй тапсырмасын орындағанда аппаратпен отырып тыңдауға, жауап беруге, есту қабілетін дамытуға жаттықтыру қажет.
6. Дыбыс күшейткіш аппараттың батареясын тексеріп отыру керек. Қажет кезде ауыстырып отырған жөн.
7. Дыбыс күшейткіш аппаратты өте сақтықпен, түсіріп алмай лақтырмай ұқыпты сақтауға баланы бірінші күннен үйрету қажет. Дыбыс күшейткіш аппарат жұмыс істемей қалған жағдайда ремонтқа (жөндеуге) өткізіп, жөндетіп алу керек.