Авторлар: Кангабылова Бану Муратбековна – операциялық блок медбикесі, Ақсу аудандық ауруханасы
Егизбаева Жанар Мырзахметовна – балалар консультациясы, учаскелік медбике,Ақсу аудандық ауруханасы
Солтанбаева Айнур Илибековна – учаскелік медбике, Көкөзек ауылы,Ақсу аудандық ауруханасы
Кіріспе
Қазіргі медицинада венозды катетерлерді қолдану — инфузиялық терапия, дәрілік заттарды ұзақ мерзімде енгізу, парентералды қоректендіру және қан үлгісін алу сияқты процедуралар үшін кең тараған тәжірибе. Алайда катетерді дұрыс күтпеген жағдайда инфекциялық және тромботикалық асқынулар жиі дамуы мүмкін. Сондықтан мейірбикенің катетермен жұмыс істеудегі кәсіби дағдылары — науқастың өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды шарты.
Венозды катетер түрлері
Перифериялық венозды катетер — қысқа мерзімге арналған, қолдың шеткі веналарына салынады.
Орталық венозды катетер — ұзақ уақыттық қолдануға арналған, үлкен веналарға енгізіледі (мысалы, ішкі яремная, бұғанаасты вена).
Портты катетер және Пика (PICC) — онкология, гематология саласында жиі қолданылады.
Венозды катетерге күтім жасаудың негізгі мақсаттары
Катетер аймағының инфекциясын алдын алу
Тамыр ішіндегі жүйені сақтау
Процедуралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Катетердің қызмет ету мерзімін ұзарту
Мейірбике әрекетінің алгоритмі
- Қолды өңдеу және қорғаныс құралдарын кию
Қолды антисептикпен өңдеу немесе сабынмен жуу
Бір реттік қолғап, қажет болған жағдайда — маска, халат қолдану
- Катетер аймағын тексеру
Қызару, ісіну, инфильтрат, іріңді бөлінді, ауырсыну белгілерінің бар-жоғын бағалау
Катетердің бекітілуін тексеру: қозғалыс, босап қалу
- Катетерге күтім жасау (дрессинг ауыстыру)
Манипуляцияны асептика және антисептика ережелерімен жүргізу
Стерильді материалдарды қолдану
Катетер айналасындағы теріні антисептикпен (хлоргексидин, спирт) өңдеу
Таза, құрғақ таңғышпен (повязка) жабу
Дрессингті 72 сағат сайын немесе қажет болған жағдайда (ылғалдану, ластану, алынуы) ауыстыру
- Катетер арқылы инфузия жүргізу
Дәрі-дәрмек пен жүйенің жарамдылығын тексеру
Катетерді стерильді қақпақпен ашып, инфузияға қосу
Әрбір инфузиядан кейін жүйені физ. ерітіндімен жуу (гепарин, NaCl 0.9%)
- Құжат жүргізу
Катетер салынған күнді, ауыстырылған таңғыш уақытын және байқаған ерекшеліктерді медициналық картаға тіркеу
Жиі кездесетін қателіктер және салдары
Қате түрі Мүмкін салдарлары
Қолды дұрыс өңдемеу Катетерлі инфекция, сепсис
Асептика ережелерін бұзу Жергілікті абсцесс, флегмона
Катетерді ұзақ уақыт тексерусіз қолдану Тромбоз, тамыр ішіндегі инфильтрат
Ауырсыну мен ісінуге мән бермеу Вена жарылуы, катетердің тамырға дұрыс түспеуі
Түссізденген немесе дымқыл таңғышты уақытылы ауыстырмау Жергілікті тері зақымдары, микроб түсу қаупі
Стерильді материалдарды қайта қолдану Қауіпті жұқпалар: гепатит, стафилокок, ВИЧ
Катетерлік инфекциялар: алдын алу шаралары
Катетерді тек көрсеткіш бойынша енгізу және қажетсіз жағдайда дер кезінде алып тастау
Мүмкіндігінше қысқа мерзімге пайдалану
Катетер салынған аймаққа жиі қол тигізбеу
Жұмыс алдында қолды үнемі өңдеу және стерильді құралдар пайдалану
Катетер күтімі бойынша оқу курстарынан үнемі өту, білімді жаңарту
ДДҰ деректеріне сүйенсек, ауруханаішілік инфекциялардың 60%-ы венозды катетер арқылы туындайды. Сондықтан бұл мәселе — жаһандық деңгейдегі қауіп факторы болып саналады.
Қорытынды
Венозды катетерлер – қазіргі медицинаның маңызды құралы. Дегенмен, оларға дұрыс күтім көрсетілмесе, ол емнің тиімділігін төмендетіп қана қоймай, науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мейірбике:
Асептика талаптарын қатаң сақтауы
Жүйелі бақылау жүргізуі
Науқастың жағдайына мұқият қарауы
Құжаттаманы дәл жүргізуі қажет
Мейірбике — қауіпсіздіктің, күтімнің және кәсіби тәжірибенің кепілі. Оның венозды катетерге қатысты сауатты әрекеті – сапалы медициналық көмектің ажырамас бөлігі.