БРОНХИТ АУРУЫ

Медицина в РК

Бекишева Шырын Марлановна

Көксу аудандық ауруханасының   қабылдау бөлімінің  медбикесі

Тыныс алу органдарының аурулары ересектер мен балалар арасында кең тараған. Тыныс алу органдарының аурулары полиэтиологиялықпен, клиникалық ағымының ауырлығымен, жиі асқынулармен сипатталады.

Бронхит шырышты қабықшалардың, бронхтардың ауадағы қандай да бір бөлшектермен үнемі зақымдануы болған жағдайларда өте тез дамиды. Шырышты қабықтар мен бронхтар үнемі түтінмен, шаңмен, басқа бөлшектермен зақымдалғанда, науқастың тыныс алу жолдарынан қақырықты шығару үшін жиі жөтелу қажеттілігі туындайды.

Адамға қолайсыз климат бронхиттің тағы бір себебі болып табылады, атап айтқанда: тұрақты ылғалдылық, ауа райының жиі өзгеруі,  нашар тамақтану, тоңу, нашар өмір сүру жағдайылары кезінде,  дене салмағы төмен адамдар, темекі шегетіндер жиі ауырады.

Осы  аурулардың ішінде бронхитке  тоқталайық.

Балаларда бронхиттің үш түрі бар: жіті қарапайым, жіті обструктивті және жіті бронхиолит.

Ересектерде аурудың екі түрі бар: өткір және созылмалы.

Бронхиттің аллергиялық түрі бар. Оның белгілері: дене қызуы жоғарылауының болмауы; құрғақ сырылдар, тыныс алу кезінде пайда болатын ентігу.

Егер ауру ауыр болса, онда науқаста айқын ентігу пайда болады. Жіті ауру екі аптадан кейін өтеді. Егер науқас емді елемесе немесе емделуді  жартысында қалдырса, онда ауру созылмалы сатыға өтуі мүмкін.
Алдын алу шаралары

Барлық ағзаны нығайту, оның қорғаныс қасиеттерін күшейту.

Дене белсенділігі, шынықтыру процедуралары, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту — мұның бәрі кез келген ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Бұл жалпы ұсынымдар бронх, өкпе және басқа да тыныс алу органдарының ауруларын болдырмау бойынша нұсқаулықтар болып табылады.

Таза ауада серуендеу, үй ішін желдету, шыныққан иммундық жүйе — бұл бронхит пен өкпенің қабынуын болдырмаудың бір жолы.

Ата-аналар балаларды шынықтыруға, суық тиюді дер кезінде емдеуге және баланы медициналық тексеруге апаруға, дәрігерлер берген ұсынымдарды орындау.

Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу мақсатында стационарларда дезинфекциялық және зарарсыздандыру іс-шараларын жүргізу үшін медицина қызметкерлерінің ең негізгі рөлі, жауапты орындауы және бақылауы.

Сондықтан  күтініп жүріңіздер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *