Автор: Бастасов Серик Сайлауович, стоматолог дәрігер, Алакөл орталық аудандық аурухана, ст.Достық
Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы.
Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы.
Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады.
Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады. Адам тағам шайнаудан қалады, көңілі делсалданып, ашуланшақ келеді, аузынан сілекей ағады, дене қызуы 37,2—37,5 ℃ дейін көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған адамның тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды.
Медицина тіліндегі «стоматит» ауруы – ауыздың кілегейлі (шырышты) қабығының қабынуы. Бұл ауру балалармен қатар ересектерде де жиі болады. Осы орайда сіздерге ауыз уылу неден пайда болатынын және оны емдеу жолдары жайлы ақпаратты ұсынамыз.
Үш түрі бар:
Қызыл иек ісініп қанайды, сілекей көп ағады, кейде ауыздан жағымсыз иіс шығады.
Шырышты қабық пен қызыл иектің әр жері күлдірейді. Сырқат адам қорғанып, тамақ іше алмай қалады.
Ауыз ішінде шыққан бөртпелер іріңдеп, шіри бастайды. Сөйтіп науқастың жағдайы ауырлайды.
Қалай пайда болады?
Бұл ауру дәрумендердің жетіспеуінен, тазалық сақтамаудан, қант диабетінен, ас қорыту ағзаларының, жүрек-қантамырлары ауруына, уланудан, жұқпалы сырқаттардан туындайды. Сондай-ақ тіс ауруларын дер кезінде емдемеуден, ыстық тамақтан күйіп қалудан да пайда болады.
Қалай емдеуге болады:
Ең алдымен дәрігерге көірніп, емдету керек. Диета сақтау қажет. Қышқыл, тұзды, ащы, тағамдарды пайдаланбаған жөн.
Алғашқы кезде дәруменді шай ішкен жақсы. Шырғанақ (жемісі) — 40 г; қарақат (жемісі) – 40 г; итмұрын (жемісі) — 50 г; қарлыған (жемісі) – 50 г. Қоспаның 10 ас қасығын 1 л қайнаған суға (термоска) қосып, 2 сағат тұндырып қояды да (жемістерді езу керек), сүзіп алады. Тамаққа дейін 30 минут бұрын ½ стақаннан күніне 3-4 рет ішеді.
Сырқат басталған кезде ауыз қуысын ашудаспен сүйкесе, ауру одан әрі күшеймейді.
Жараға айналған стоматит кезінде ақжелектің (хрен) сөліне жартылай су қосып, ауызды шаяды.