Алматыда өткен конференцияда қатысушылар иммундау мәселелерін талқылады

Жаңалық

2025 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның басты мақсаты — халықты вакцинациямен кеңінен қамтуға назар аудару, сондай-ақ вакциналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің күш-жігерін қолдау болды.

Талқыланған негізгі тақырыптар:

  • Вакцинацияға байланысты қазіргі заманғы сын-тегеуріндер;
  • Жалған ақпаратпен күресу жолдары;
  • Әртүрлі әлеуметтік топтардың арасында екпеге деген сенімді арттыру;
  • Медицина қызметкерлерінің халықпен тиімді диалог жүргізуінің маңыздылығы.

Шараға Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғалымдары, республиканың түкпір-түкпірінен келген медициналық мамандар, халықаралық ұйымдар өкілдері (ЮНИСЕФ, ДДСҰ) қатысты. Форум барысында вакцинамен басқарылатын инфекциялар, эпидемиологиялық ахуал, және иммундау көрсеткіштерін жақсарту жолдары талқыланды.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің резиденттері «Вакцинациялау: қолдау және қарсы» тақырыбында пікірталас өткізді. Олар вакцина артықшылықтары, қауіпсіздік, қолайсыз көріністер және көкжөтел жағдайларына қатысты түрлі көзқарастарды ұсынды.

Конференция гибридті форматта өтті:

  • 100-ден астам адам офлайн қатысты
  • 37000-нан астам қатысушы онлайн режимде қосылды

Бұл іс-шара халық арасында екпеге деген сенімді арттыру, ғылыми дәлелдерге негізделген пікір алмасу және ағартушылық жұмыстарды күшейту бағытында маңызды қадам болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *