Автор: Нурпеисова Рыскельды Курмангалиевна, жалпы тәжірибелі дәрігер «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК Қабанбай ауылдық аурухана бөлімшесі
Адам баласы өзіне берілген өмірді салауатты тұрғыдан құрып, саламатты өмірді қалыптастыруға міндетті. Себебі, мемлекет пен ұрпақ болашағы дені сау, саналы азаматтардың қолында.»Ауырып ем іздегенше, аурмайтын жол ізде»,-деп біздің дана халқымыз аталы сөз арқылы денсаулықты сақтауды ескерткен. Осы орайда ауылымыздың тұрғындарының денсаулығын қадағалау, оларды емдеу шаралары біздің Қабанбай ауылының Аудандық ауруханасында жақсы жолға қойылған.
Қабанбай өңірі бойыша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының денсаулық жүйесі бойынша жүзеге асыру барысында Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы созылып, өлім-жітім көрсеткіші азаюда. Соған байланысты өмір сүру ұзақтығы 2022 жылы -78,2%, 2023 жылы -78,4%, 2024жылы (9 айға)-78,6%-ға созылған. Жалпы тәжрибелі дәрігерлік қағидасы бойынша жұмыс істейтін бастапқы медициналық санитарлық көмек қызметі өзінің жұмысын жылдан жылға сапалы жүргізуде.Бүгінгі күнде адамның өз ағзасында қандайда бір ауытқу өзгеріс болып жатқанын байқамауы, уақытылы және дұрыс тамақтанбауы, денешынықтырумен айналыспауы, зиянды әдеттерден арылмауы, сақтанбауы, дәрігерлік кеңеске немқұрайлы қарауы, адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмегендігі, ойланып-толғандырмағандығында. Жылдан –жылға қанайналым жүйесі ауру саны көбейіп, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар саны азайып келеді .Оның бір себебі халықты профилактикалық қарап-тексеруден өткізіп,скринингтік зерттеу жүргізу арқасында анықталғандықтан және анықталған ауруды уақытылы диспансерлік тіркеуге алғандықтың нәтижесі. Қант диабеті ,жүрек ишемиясы,артериалдық гипертензия,бронхиалдық демікпе ауруларын алдын алу шаралары қолданылуда.Мысалы «мектептер» ашылып науқастармен жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда халыққа ,әр жанұяға артериалдық қан қысымын өлшеп үйренуіне,аяқ-асты пайда болған жүрек ауруы «жедел коронарлық синдром» кезінде дереу ,жедел жәрдем шақыру,не болмаса дәрігердің ұялы телефонына қоңырау шалып шақыру үйретілуде. Жиі-жиі үй-үйді аралап науқастаға аурудың алдын алу тәсілдері:семіздікпен күресу,темекі,шарап пайдаланғанның соңы қандай бір ауруға әкелетінін түсіндіріп отырамыз. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде уақытылы халық үшін қолжетімділік қамтамасыз етіліп отырады.Жылдан-жылға инфаркт ,инсульт алған науқастар саны азаюда. «Жедел коронарлық синдром» кезінде науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп,нитроглицерин,аспирин,метопролол,клопидогрел,ауруды басатын(наркотикалық) дәрілерінен басқа «актилизе» препаратын тромболизис жасау үшін перифериялық венаға енгізіп уақытылы еиханаға жеткізіліп тұрады.Дәрігерлермен, дәрігерлік амбулаторяның орта медициналық қызметкерлерімен,фельдшерлермен Жедел коронарлық синдром жайлы ай сайын сабақ өткізіледі, электрокардиографияны оқу,тәсілдері үйретілді.Медицина қызметкерлерінен емтихан алынып, әрқайсысы жедел коронарлық синдромға тиісілі ЭКГ-ны оқуды үйренді. Салыстырмалы түрде инфаркт миокардасымен,жедел ми қан айналым жетіспеушілігімен ауырған науқастар саны соңғы үш жылда мынандай көрсеткіштерге жетті.
№ | Жылдары | 2022жылдық | 2023жылдық | 2024(9ай) |
— | Аурудың атауы | |||
1 | Миокард инфактысы | 10 | 6 | 5 |
Жазылып шығарылды | 8 | 4 | 4 | |
Кайтыс болды | 2 | 2 | 1 | |
Тромбллизис терапиясы | 10 | 6 | 5 | |
Сәтті өткен тромболизис саны | 8 | 4 | 4 | |
2 | Қабырғасының тұрақсыздығы (НС) | 2 | 2 | 1 |
Қайтыс болды | 0 | 0 | 0 | |
Тромболизис терапиясы | 2 | 2 | 1 | |
3 | Алғашқы ретартериалдық гипертензиямен ауырғандар саны | 152 | 185 | 168 |
«Д » есепке алынғандар саны | 150 | 185 | 168 | |
4 | ЖМҚЖ | 10 | 6 | 2 |
Жазылып шығарылды | 10 | 6 | 2 | |
Қайтыс болды | 2 | 1 | 0 | |
5 | Барлығы қан айналым ауруымен «Д » есепте тұратындар саны | 1866 | 1975 | 2120 |
Көптеген науқастарды коронарография диагностикасынан өткізіп ауорта-коронарлық шунттау отасын жасатып, стент қойдырып өмір жастары ұзартылды. Мысалы: науқас Зайцева Л.Т 1938ж., 2019 жылы ота жасалды содан бері 8-жылға, Казнанов Т1948ж. 2018ж. ота жасалды 6-жылға, Шутова Н.И 1947ж. 2018ж. 6- жылға ,Мозговых В 1949ж. 2013 жылы ота жасалды (11жыл ) және тағы басқа аты аталмағаг ота жасалған науқастар дәрігерлердің бақылауында тұрады. Біздің ауыл халықтары бұдан бұрын дәрігерге көбінесе ауырып қаралуға келетін,соңғы жылдары профилактикалық тексеруден өтіп, аурудың алдын алу үшін келіп қаралуда.Осы салада медицина қызметкерлерінің еңбегі өте зор деп білемін.Адамның өз денсаулығы өзіне байланысты екенін,дәрігерлердің кеңесіне аса назар аударуларына халыққа кеңес берудеміз.