Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әйелдің белсенді болуы — билікке таласу емес


7 декабря 2017, 10:31 | 1 034 просмотра



ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Тарасенко Елена Ивановна Жетісу жеріне іссапармен келді. Жұмыс сапарының бірінші  күні Талдықорғанның жаңа нысындарын аралап, көрікті жерлерімен танысып, екінші күні «Көктем Гранд» қонақ үйінде семинар тренинг өткізді.

«Жергілікті өзін-өзі басқару саясаты мен мәселелеріндегі кешенді гендерлік принциптер»  атты семинардың алғы сөзін айтқан Елена Тарасенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  жөніндегі ұйымы (ЕҚЫҰ)  жайлы кеңінен таратып берді.  ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі  Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы бүгіндегі билік басында жүрген әйелдер саны 90 жылдармен салыстырғанда біршама өскенін тілге тиек етті. «Алайда, Алматы облысы бойынша Райымбек, Алакөл аудандарында билікке араласып жүрген әйел қауымы жоқтың қасы»,- деді модератор өз сөзінде.

Семинар барасында экономика ғылымдарының кандидаты, гендерлік экономика мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшы Әлия Ілиясова Қазақстанның, соның ішінде өңірлік әйелдер қауымының гендерлік теңсіздік факторларына, адам құқықтары құндылықтарына шолу жасады. Заң ғылымдарның кандидаты РАЕ профессоры Мереке Габдуалиев Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың өзекті мәселелеріне кеңінен тоқталды. Күні бойы жалғасқан семинарда гендерлік теңдік мәселелері бойынша мамандар бірнеше тренингтер өткізіп, кеш соңында сертификаттар табыстады.


Комментарии


Комментариев нет.

Ваш комментарий:

Ваш IP адрес 54.91.171.137 будет сохранен вместе с комментарием