Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысының төрт кәсіпорыны Президент жүлдесінен үмітті


4 декабря 2017, 10:54 | 1 039 просмотров



«Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауының марапаттау рәсімі 6 желтоқсан күні Астана қаласында «ЭКСПО» конгресс-орталығында өтеді. Байқаулардың басты мақсаты – ел нарығын сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен толтыру, отандық және халықаралық стандарттар негізіндегі сапамен қамтамасыз ету.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Тауардың шығу тегі жөніндегі маманы Бибігүл Омарованың айтуынша, «Алтын сапа» Президент жүлдесіне өңірдің төрт кәсіпорны бақ сынайды. Олардың қатарында «АбдиИбрахимГлобалФарм» ЖШС, «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС, «Лепсинск өнімі» ЖШС және «Рыбпром» ЖШС.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өңірлік кезеңнің 9 жеңімпаз кәсіпорны қатысады. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС, «Полимерметалл» ЖШС, «Plast Invest Production» ЖШС үмітті. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында жүлделі орындар үшін «Лепсинск өнімі» ЖШС, «Шин Лайн» ЖШС, «Apple world» ЖШС сайысады. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Абди Ибрахим глобал фарм» ЖШС, «Сұңқар» Алматы құс фабрикасы» ЖШС, «GLASMAN» ЖШС үміткер болып табылады.

Сонымен қатар, Астанада өтетін марапаттау салтанатында «Іскер», «Парыз», «Ұлы дала елі» байқауындағы жеңімпаз кәсіпорындардың есімдері аталады.

Айта кетейік, өткен жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында «Алматинские краски» ЖШС жүлделі ІІІ орынға ие болған еді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» сыйлығының лауреаттары болып «ТК-Метакон»  ЖШС мен «ТАТЭК» АҚ танылды. «Ұлы дала елі» зонтикалық брендімен «Кайнар АКБ» ЖШС марапатталды.

Автор:
Taldykorgan-online.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Ваш комментарий:

Ваш IP адрес 54.91.171.137 будет сохранен вместе с комментарием