Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мирас Ертанов — «Патриот Қазақстан» реалити шоуының жеңімпазы!


4 декабря 2017, 10:51 | 1 133 просмотра



Қазақстанда тұңғыш рет өткен «Патриот Қазақстан» релити шоуының жеңімпазы Қаратал ауданының спортшысы – Мирас Ертанов! Ол жобаның бас жүлдесіне қойылған Америка құрама штаттарына жолдаманы жеңіп алды. Бұйыртса, алдағы уақытта АҚШ-қа аттанып, еліміздің намысын сыртта қорғап жүрген Геннадий Головкинмен кездеспек.

IMG_0581-300x200.jpgАвторы А.Нұршанов

Мирас жайлы мағұлмат: ол 1997 жылы 1-сәуірде дүниеге келген. Негізі 62-63 келіде өнер көрсетеді. Бұған дейін халықаралық, республикалық турнирлерде олжа салған. Алматы облысының құрамасы сапындағы спортшы облыс чемпионы атанып та үлгерген. Спорт шеберлігінен үміткер.

«Мен бокспен 10 жасымнан бастап айналысамын. Болашақтағы арманым – алдымен Ұлттық құрамаға ену, сосын әлем және Олимпиада чемпионы атану. Ол үшін тер төгу керектігін білемін, әрі солай істеймін де» дейді чемпион. «Негізі мен боксқа кездейсоқ келдім. 10 жасымда Болат деген досым «Жүр, боксқа барайық» деп ертіп әкелді. Сол досыма шексіз алғыстымын. Бокстағы кумирім — Серік Қонақбаев атамыз. Бойы, қолы ұзын. Дистанцияда жақсы бокстасады. Сол кісіге көп еліктеймін. Мені қолдаған анама, ағайын-туысқа, жанкүйерлеріме көп рахмет! Сенімдеріңізді ақтайтын боламын!» дейді жас саңлақ.

Отбасында 3 ағайынды. Ағасы мен қарындасы бар. Өзі Талдықорған политехникалық колледжінің 4-курс студенті. «Патриот Қазақстан» жобасы аясында ол Әділхан Дәулетті, Орынбасар Азаматты және Құдайбергенов Саятты жарыс жолынан ығыстырды.

IMG_0261-300x200.jpgАвторы А.Нұршанов

Бүгін өткен финалда Райымбек ауданының спортшысы Қырғызәлі Жақсылықпен (73 келі) жұдырықтасып, төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз атанды.

Жақсылық 2-орынды иеленсе, үшінші орынды Саят Құдайбергенов (72 келі) қанжығасына байлады.

Жалпы, «Патриот Қазақстан» релити-шоуына 11 аудан мен 3 қаладан 16 боксшы қатысқан болатын. Жартылай финал мен финал «Жетісу» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілді.

Автор:
Taldykorgan-online.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Ваш комментарий:

Ваш IP адрес 54.91.171.137 будет сохранен вместе с комментарием