Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Елімен етене Елбасы


4 декабря 2017, 04:36 | 2 004 просмотра



1 желтоқсанның қандай күн екендігі көпшілікке жақсы белгілі. Биыл алтыншы жыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өткелі отырмыз.Еліміздің Тәуелсіздік алғанынан бергі жетістіктері елеулі. Қазақстан бүгінде төрткүл әлемге танымал іргелі елге айналды. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі шүбәсіз. Әсіресе талай жыл ажал уын сеуіп келген Семей топырағындағы ядролық сынықтарды тоқтату туралы Жарлыққа қол қоюы ерлікпен пара-пар іс еді.Ұлт көшбасшысының тікелей ұйытқы болуымен, қамқорлығымен елордасы – Астана қаласы бой көтерді. Астана қазіргі таңда тек еліміздегі ауқымды шаралар ғана емес, әлем көз тіккен маңызды халықаралық жиындар өтетін ордалы орталыққа айналды. Президенттің тікелей бастамашылдығымен елімізде талай игілікті істер атқарылып келе жатқаны анық. Мұның барлығы еліміздің халықаралық дәрежедегі беделінің артуына зор ықпал етуде. Қазақстанның бүгінгі өркендеуі мен дамуы Елбасының есімімен байланысты аталатыны заңдылық. Солай болуы да тиіс деп білеміз.Мемлекет басшысының басты арманы – Ұлы Далада Мәңгілік Ел орнату. Бұл идеяны туған халқы бір кісідей қолдап отыр. Осы ұлы жолда ел Елбасымен, Елбасы елімен бірге болып, асқаралы асуларды бағындыра беретіні анық.

Автор:
anatili.kazgazeta.kz