Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар


29 ноября 2017, 05:42 | 4 564 просмотра



Қала бойынша орналасқан 26 орта білім беру мектептері, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етумен айналысатын 25 мектеп асханаларымен және 1 мектеп буфетімен қамтамасыз етілген.  Мектеп оқушыларының тамақтануы, толыққанды, үйлестірілген тағам қазіргі уақытта өзекті мәселе болып отыр. Мектепте ыстық тамақ ішетін оқушылар аз шаршайды және мектеп  жүктемесін оңай орындайды.

Білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі.

Оқушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде балаларды тамақтандыру нормалары «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен регламенттелген. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында перспективалы маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымдағы оқушылар үшін 1-2 рет тамақтандыру – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, 2-ауысымдағы оқушылар үшін – бесіндік, ұзартылған күн тобы үшін екінші таңғы ас, түскі ас және бесіндік ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде 5 рет тамақтану көзделеді.

Шығарылатын өнімнің перспективалы мәзірі және ассортимент тізбесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасымен келісіледі.  Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі 2 – 3 күнде қайталауға жол берілмейді. Балалар мен жасөспірімдердің тәулік бойы болатын объектілерінде таңғы ас, жалпы білім беретін ұйымдардың 1-аусымындағы оқушылардың екінші таңғы асы ыстық тамақтан (бірінші және екінші) және ыстық сусыннан тұрады. Балалар және жасөспірімдердің толық физилогиялық қажеттіліктеріне сәйкес таңғы асқа сары май, ірімшік, жұмыртқа қосылған бутерброд, шырындар мен жемістер қосуға жол беріледі. Түскі ас салат, бірінші, екінші (негізгі ыстық тамақ еттен, балық немесе тауықтан жасалады) және үшінші (компот, кисель, шай) тамақтан тұрады. Бесінде кремсіз кондитерлік өніммен немесе тоқашпен бірге сусынды (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырын) ас мәзіріне қосады.  Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан; негізгі екінші тамақтан (ет, балық немесе тауық), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады. Екінші кешкі ас ретінде қосымша жеміс-жидектерді немесе қышқыл сүт өнімдерін және кремсіз кондитерлік өнімдерді немесе тоқаштарды қосады.

Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында мыналарды: қатық, сүзбе, айранды, туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды;  зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;    кремі бар кондитерлік өнімдерді; тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье); морстар, квастарды; фритюрде қуырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы;    саңырауқұлақтарды; өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін; тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды; газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық  сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды, фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды; ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді дайындауға және өткізуге; пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты; суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін; ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін; тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін; механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін; құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты; сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін; генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды; йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.

Тамақтану залында білім беретін мекеменің басшысы бекіткен, тамақтардың атауы, рецептуралар жинақтарына сәйкес сілтемесі бар рецептураға әрбір тағамның шығуы мен құнарлығы көрсетілетін мәзір күн сайын ілінуге тиіс.

 Күнделікті мекеменің медициналық қызметкері  дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналына жазба енгізу арқылы дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.   Сонымен қатар, ас блоктарында дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді. Бракераж комиссиясының құрамы міндетті түрде ұйымдағы медицина қызметкерін, обьект әкімшілігінің өкілін, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін кіргізе отырып обьект басшысының бұйрығымен айқындалады.   Күн сайын ас блогында аспазшы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдыруы тиіс.

Талдықорған қаласы бойынша  басқарма мамандарымен 2017ж. 10 айында ерекше тәртіппен 26 мектеп асханалары мен буфеттері жоспарланып, тексерумен қамтылды. Тексеру нәтижелері бойынша мектеп асханаларында санитариялық қағидалардың талаптары бұзылып, анықталған кемшіліктер бойынша мектеп асханаларының жауапты қызметкерлеріне 748 770 теңгеге 28 айыппұл салынды. Асхананы жалға алушы жеке кәсіпкерлерге нақты мерзімдері көрсетілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Сонымен қатар, мектеп асханалары ерекше тәртіптік тексеруден босатылу үшін тексерістің альтернативтік түрі санитариялық аудитке өту құқығы бар. Тағы бір айтылатын жағдай білім беру обьектілерінің қоғамдық тамақтану обьектілерінде шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі құрал-саймандық және зертханалық зерттеуді қоса жүргізілетін, өзіндік бақылау түрі-өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Автор:
Е.Асимкулов