Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Менің сүйікті дәрігерім» Талдықорғанда


24 ноября 2017, 15:20 | 1 038 просмотров



Жүрек және тамыр аурулары - Қазақстанда орын алатын өлімнің ең жиі себептері. Бүгінгі күні жол апаттары немесе онкологиядан гөрі көп адам инфарктан қайтыс болады. Көбінесе дәрігерге уақытында қаралмай аурудың алдын алмағандықтан.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының дәрігерлері жергілікті тұрғындардың денсаулығына назарын аудару үшін аймақтарға бару туралы шешім қабылдады.

24 – 25 қарашада Президенттік клиниканың жетекші дәрігерлері Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына тегін қабылдау жүргізеді.

Тұрғындарға көмек көрсету үшін кардиохирург Жакиев Талгат Базылбекұлы, ангиохирург Бекбосынов Асхат Жүнүсұлы және аритмолог Камиев Ринат Токтажанұлы барады.

Астанаға келуге уақыт пен ақшаңызды жұмсамаңыз - Президенттік клиниканың дәрігерлері сіздерге өздері келеді.

Дәрігердің қабылдауына келгенде өзіңізбен бірге мамандардың профильне қарай алдыңғы тексерулердің нәтижелерін әкелу қажет:

1) Кардиохирургке – ЭКХ, ЭхоКГ, ангиография бар болса, МРТ, КТ міндетті түрде диск жетегі қажет;

2) Ангиохирург – ультродауысты тамырлар допплерографиясы, ангиография бар болса міндетті түрде диск жетегі қажет;

3) Аритмолог – ЭКГ, ХМ ЭКГ, ЭхоКГ.

24-25 қараша күндері Президенттік клиниканың жоғары білікті дәрігерлері Талдықорған қаласында келесі мекенжайда: Гаухар ана, 87 №1 қалалық аурухана ғимаратында ЕРЕСЕКТЕРДІ ТЕГІН қабылдау жүргізеді.

Қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы – ең үздік дәрігерлер осында жұмыс істейді!

Автор:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто