Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Жасыл ел» жасағы «Үздік штаб» атанды


8 ноября 2017, 10:40 | 1 073 просмотра



Биылғы жылғы XIII маусым жұмысының қорытындысы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағы құрамындағы облыс жастары 900 гектардан астам жерді тазартып, 660-қа жуық ағаш отырғызған. Бұл туралы «Жасыл ел» еңбек жасағының облыстық штабының директоры Тимур Нұғманов айтты. 

Осы бір жылдың ішінде еңбек жасағы құрамына 1907 адам қабылданса, соның 1646-сы - елді мекендердің жастары. Олар абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен қатар ауқымды шаралар да өткізіп жүр. Мәселен, «Жасыл ел UPGRADE» шарасы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне арнап ұйымдастырылды. Осы шара арқылы ардагерлердің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ауласын реттеп, бақшасын баптауға үлкен септіктерін тигізген. 

Сонымен қатар биылғы жылы «Жасыл ел» жасақтарының арасында Көңілді тапқырлар клубын ұйымдастырып, жастардың ой ұшқырлығын жетілдіруге атсалысқан. 

2013, 2016 жылдары жыл қорытындысы бойынша «Үздік штаб», «Үздік жоба», «Жасақтың үздік командирі» аталымдары бойынша жеңімпаз атанса, 2017 жылдың қорытындысы да қуантарлықтай. XIII маусымның нәтижесінде облыстағы жасылелдіктер «Үздік штаб» номинациясын жеңіп алды. 

Алдағы маусымда «Жасыл ел» жасағы «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясын ұйымдастырып, бейнероликтер түсіруді, облыстағы бұлақ бастауларының картасын әзірлеуді қолға алмақшы. Сонымен қатар жылыжай салып, онда көкөністер мен жеміс-жидек өсірсек деген ниеттері де бар.  

Автор:
zhetysu.gov.kz.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто