Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұстаздан – ұлағат!


3 октября 2017, 04:21 | 2 066 просмотров



Алдымыздағы жексенбіде Мұғалім күнін атап өтеміз. Мұғалім күні – бұл халықтық мереке. Өйткені ұстаздан тәлім-тағылым алмаған жандар кемде-кем. Алғаш қолға қалам ұстатқан да, Әліппеден әріпті үйреткен де ұстаз. Сондықтан да ұстаз еңбегі қандай сый-құрметке де лайық.Қазір еліміз қарқынды дамып келеді. Алдымызда өркениетті отыз елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осының өзі ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктейді. Білімді де білікті ұрпақ қана заман талаптарына жауап бере алады.Орта білім беру жүйесінде табысқа жетудің басты кепілі – кәсіби деңгейі жоғары, әлеуметтік тұрғыда белсенді қолдау тапқан мұғалім екені белгілі. Олай болса мұғалімдерді ынталандырып, олардың еңбегін кеңінен насихаттап отырудың маңызы ерекше.Елімізде өз міндетін ойдағыдай атқарып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген ұстаздар жетерлік. Солардың бірі Алматы қаласындағы №175 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлиман Әжібаева (суретте). Оның педагогикалық өтілі 23 жыл. Аталған білім ордасында 2007 жылдан қызмет етіп келеді. Ұстаздық қызметінде жеткен жетістіктері де елеулі. Қажырлы еңбегінің арқасында ҚР Білім беру саласының үздік қызметкері атанды. Әлденеше рет Білім және ғылым министрінің, Алматы қаласы әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Әрдайым да өз білімін көтеріп жүретін үздік ұстаз елінің ертеңгі иелерін тәрбиелеп жатқанын мақтаныш етеді.Ұстаз мерекесі құтты болсын!

Автор:
anatili.kazgazeta.kz