Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Заманауи білім бағдары


14 сентября 2017, 11:58 | 1 101 просмотр



Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде «Құнды­лық­тар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көрсетілген. Еліміздің болашағы мектепте десек, мектеп­тегі басты тұлға – мұғалім.  

Бүгінгі таңда елімізде қабылданып жатқан жаңа мазмұнды білім беру бағдарламаларын нәтижелі ету мұ­ғалімдердің кәсіби шеберлігіне, ­заманауи ой-өрісіне, инновациялық мәдениеттілігіне тікелей байланыс­ты. Бұл орайда педагогикадағы ин­новация, инновациялық білім мен мәдениет ұғымдарын жан-жақты меңгеру маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.«Инновация» – жаңашылды­ғымен ерекшеленетін, жаңа технологияларды пайдалана отырып бар нәрсені жетілдіру, тың дүниені өндіріске енгізу, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өмірді жаңарту деген ұғымды білдіреді.Ал инновациялық мәдениет білім мазмұнын заман талабымен ұштастырады. Сонымен қатар мұғалім бойында инновациялық мәдениет дағдыларын қалыптастыруда да ерекше мәнге ие. Осы ретте Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Педагогикалық әдеп қағидалары» бұл мәселенің маңызды алғы­шарты екендігін атап өткен абзал. Өйткені мұғалімнің инновациялық мәдениеттілігі оның оқушымен қарым-қатынас мәдениетінен бастау алады. Мұғалімнің ішкі мәдениеті, адамгершілігі, жан дүниесі­нің байлығы оқушыны өзімен тең дәрежедегі шығармашылық әріптес ретінде қарауынан көрінеді. Сондықтан ұстаз өз пәнін же­тік білумен қатар, білім беру ісіндегі жаңа озық тәжірибеден өзіне қажетін алып, баланың рухани деңгейін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.Мұғалімнің инновациялық мәдениетінің тағы бір көрінісі – өзі қол жеткізген жетістікте­ріне оқушыны қызықтырып, талабын ұштай алуы. Сондай-ақ шә­кіртінің еңбегін әділ бағалау да мәдениеттіліктің белгісі.Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деген еді. Бұның астарында ғұмыр бойына білім алуға деген ұмтылыс жатыр. Демек, бұл қасиет мұғалімге де, оқушыға да тән болуы тиіс.Бүгінгі жүзеге асып жатқан жаңа білім беру мазмұнының да негізгі арқауы – осы үздіксіз білім алу үдерісі. Және оның өзі, ең алдымен, инновацияға арқа сүйейді.Жаңа мазмұнды бағдарламаның өміршеңдігі мен нәтижелі жүзеге асуы – мұғалімнің күнделікті жұмысында қолданатын әдістерінің тиімділігімен өлшенеді. Қазақтың педагог-жазушысы Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» десе, «Қарапайымнан күрделіге», «Теориядан тәжірибеге», яғни оқушының сауаттылығын дамытуға негізделген білім алудың бір сатыдан екінші сатыға көтерілуін білдіреді. Бүгінгі мұғалімнің рухани әлеміне қойылатын маңызды талаптың бірі – оның өз ісіне сыни көзбен қарай білуі. Өз сабағына талдау жасауы, сабақтың сәтті-сәтсіз тұстарын ай­қындауының өзі мұғалімнің ин­новациялық мәдениеттілігінің, кәсіби дамуының көрінісі. Пәнде қолданылатын барлық тәсілдердің орны, сабақтың әрбір кезеңіне лайық қолданылу орайы болады. Оны дәл анықтап, жоспарлай білу сабақтың сәтті өтуіне жасалған қадам. Мұндай әдістеме жақсы нәтиже берері сөзсіз.Қорыта айтқанда, бүгінгі біз­дің елімізде жүргізіліп жатқан жаңа білім мазмұнын нақты жүзеге асырудағы басты міндет мұғалімдерге жүктеледі. Сондықтан мұғалімнің өз мамандығын үздіксіз жетілдіріп отыруы – білім мен оқу саласына оң әсер етеді.

А.Болсынбаева,«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның ­Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто