Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұят болса да, айтайын


12 сентября 2017, 10:49 | 1 035 просмотров



Бір аптадан бері қызуым түспей, тұмаудан құтыла алмай жүргендіктен, автобуста делсал асылып тұрғаннан гөрі, отырғаным дұрыс болар дедім. Жалпы қоғамдық көліктердің іші үнемі лық толы болатындықтан, ешқашан отырмаймын. Тіпті, орын іздеп әуреленбеймін де. Ол мен үшін соншалық трагедия да емес-тін. Оның үстіне үлкен кісілер, кішкене оқушылар тұрған жерде қайдан отырасың? Жап-жас болып, отырып алудан ұялам. Бүгін ең соңғы орындықта отырған жігіттің терезе жақ тұсы бос тұрғанын көріп: «Ары қарай өтіп кетсем бола ма?» - деп өтініш білдіргем, ол: «Бұл орынды сіздің артыңызда келе жатқан жігітке алып қойдым» - демесі бар ма?

Қарасам, енгезердей бір жігіт әлгі орынға өтіп кетті. Бірінші қатты ұялдым, кейін қатты ашулансам да, байқатпауға тырысып: «Нағыз соғысқа жіберетін жігіт екенсіз (Бізді қорғауға)» - дедім. Қасында аппақ бантик тағып тұрған қарындастарын отырғызбаған адам қол көтеруден  де тайынбасы анық, сөзімнің төркінін түсінсе, басыма бәле тілеп алармын деген оймен, қалжыңдаған сыңай танытып: «Елден бұрын орын алып қойыпсыз, ширақ қозғалады екенсіз. Сізден мықты разведчик шығады!» - дегенде риза болған түріне қарай алмай әрі өтіп кеттім.

Негізі, жанама сөзсіз, дәл алдыма келіп ұрысқа шақырып тұрса да, кез-келген даудан айналып  жүрем. Жаным қаламайды. Мысқылдап, кекетіп, мұқатумен де, жұртқа ақыл айтумен де айналыспаймын. Ана жігітке үндемей-ақ қояр ем, бұны жазбай-ақ қояр ем. Бірақ...

Намыстанып отырмын. Жігіт үшін. Сол автобуста отырған мен көрген 9 жігіт үшін. P.S. Жазбағаным дұрыс па еді, мен қазақ жігіті туралы қай жерде болмасын осындай пікір жүргенін қаламас едім. 

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Ваш комментарий:

Ваш IP адрес 54.80.77.124 будет сохранен вместе с комментарием