Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

eGov.kz порталы арқылы некеге отыру үшін


7 сентября 2017, 11:30 | 1 036 просмотров



eGov.kz порталы арқылы некеге отыруға болады. Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, мына батырмаларды басасыз.  Некені тіркеуге өтініш берушіге: Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.  

Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет. Бұрынғы ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды. Некені тіркеуді растаушыға: Авторлану және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау. Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен). Егер өтінішті беруші төлемесе, қызметті төлеу қажет.    

4. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

*Электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы  беру мүмкін емес.

Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жас. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.

Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто