Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Болашағың жарқын болсын, медицина колледжім!»


5 сентября 2017, 17:17 | 1 179 просмотров



Әлемді көркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жатқан білім беру мекемелерімен тікелей байланысты.

80 жылдықтағылымы мен тарихы бар Талдықорған медицина колледжі орта буынды медицина мамандарындайындаудатәжірибесі мол, білімгерлерініңсапалыбілімалуынажоғарыталабы мен өзіндікдәстүріменбелгілі. Осындай оқу орындарының ежелден бері келе жатқан дәстүрлі мерекесі – Білім күні барша қазақ жұрты үшін айт мерекесімен тұспа-тұс келді. Сіздерді Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасының Ата Заң мерекесі құтты болсын!

Талдықорған медицина колледжі ұжымы мен білімгерлері Білім күнін 2 қыркүйек күнін салтанатты түрде атап өтті. Колледж директоры,  медицина ғылымдарының кандидаты Жансеңгіров Серік Максимұлы өз құттықтау сөзінде Ата Заң күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына жылы лебізін білдіре отырып, білімгерлерге, оқытушылар мен ата-аналарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып кіру құрметі қалалық «Айбын-2016» әскери патриоттық-спорттық ойынында жүлделі ІІ орынға ие болған «Емдеу ісі» тобының 3 курс білімгерлері  Болатов Олжас, Ергалиев Еділ, Сейтал Досжанға  тапсырылды.

Салтанатты жиындаТалдықорған қалалық маслихат депутаты, Өтенай ауылдық мәдениет үйінің директоры - Түстікбаев Бақытай Қабдолдаұлы және колледжіміздің түлегі, Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың аға мейірбикесі - Құрманова Динара Бижұманқызы ақ тілектерін білдіріп,  жаңа оқу жылымен құттықтады. Колледж білімгерлерінің мамандығының майталманы болып биiктен көрiнуiне өз қуанышын ата-аналар да білдірді.

Салтанатты жиында Талдықорған медицина колледжі денсаулық сақтау саласы мен медициналық кадрларды дайындауда өз үлесін қосып келе жатқан киелі білім ордасының әкімшілігі мен кураторлары таныстырылды.

80 жылдық тарихы бар Талдықорған медицина колледжінен түлеп ұшқан медицина саласының қызметкерлері еліміздің барлық аймағында қызмет атқаруда. Өзіміздің колледжімізге қайта оралған, арнайы пәндердің оқытушылары  Жұмадилова Мадина Сембайқызы, Кожагулова Назгира Зайнуллаевна колледждің дамуына өз үлестерін қосып, салтанатты жиынды ұйымдастыруға өз үлестерін қосты. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді білімгерлері концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсетті.

Талдықорған медицина колледжінің жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жемісті де жеңісті жаңалықтарға толы болды. Соның бірі - колледжіміздің елеулі еңбегінің нәтижесі мен көрсеткіші ретінде «Қазақстанның үздік медициналық колледжі – 2017» рейтингісінің ІІ орын иегері атануы - біз үшін мерейлі мәртебе. Болашақта атақ-даңқы асқақ, беделі биік, болашағы жарқын оқу ордасы боларына сеніміміз мол.

Автор:
Тәрбие меңгерушісі Манарбекқызы А. Жастар ісі комитеті төрайымы Абылқас М.Т.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто