Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Тұлпар» тальго әлде қарапайым пойыз?


5 сентября 2017, 11:19 | 1 111 просмотров



Қазақстан Темір жолы тоғыз жолдың торабын құрайтын, алыс-жақын шет елдермен тікелей байланыс орнатып жатқан бірегей  қатынас жолы. Себебі орта Азияда орналасқан біздің ел арқылы түрлі жол бағыттары қалыптасқан.  Егер алысқа сапар шексеңіз, мәселен Батыс Қазақстан облысына бару керек болса, сізге қандай пойыз таңдаған дұрыс, айырмашылықтары қандай – осы туралы ақпарат береміз.  Қарапайым пойыз  Вагондарының іші кең. Заттар оңай сияды. Емін-еркін қозғалуға мүмкіндік бар. Купе және палцкарт болып екіге бөлінеді. Плацкарт бағасы купеден әлдеқайда арзан. Онда жабық түрдегі кабиналар емес, жалпыға ортақ ашық төсек орындар болады. Ал купе бөлігі жабық, ішіне төрт немесе екі адам жатуға арналған орындарымен ерекшеленеді. Кейбір пойыздарда арнайы мейрамханалар кездеседі.  Өкінішке орай бұл пойыздардың дені желдеткішпен жабдықталмағандықтан ыстық келеді. Қозғалу жылдамдығы ақырын. Батыс өлкеге екі тәуліктен артық жүруге тура келеді. Рельс бойындағы қозғалысы да адамның мазасын алып, есіңізді шығарады. Бағалары әр аймаққа байланысты түрлі болып келеді.  «Тұлпар» тальго жүрдек пойызы  2011 жылдан бері Қазақстанның Испания елімен біріге отырып шығарған жүрдек пойызы. Плацкарт және купе болып бөлінеді. Бірақ плацкарттары да кабинкада орналасқан. Ал купелері тек екі-ақ адамға арналған. Әр кабинада төрт адам жатуға болатын төсек-орындар орналасқан. Ішінде салқындатқыш, Wi-Fi бар, 220 в қуат көзі де қамтамасыз етілген. Бір вагоны мейрамхана, бір вагоны бар ретінде құрастырылған. Орындықтары отыруға ыңғайлы әрі жинақы. Жүру жылдамдығы жоғары қарқынды ұстайтын, Батыс аймаққа бір жарым тәулік ішінде жетуге қауқары бар. Санаулы әрі ірі станцияларға ғана тоқтайтын пойыздың ерекшелігі де осында. Себебі әр үш немесе төрт сағат сайын ғана аялдайды. Ерекше стандартпен жасалған «Тұлпар» тальго жүрдек пойызының іші тым тар. Әжетханасы, жуынатын бөлмелері де, кабиналар да тар келеді. Еркін қозғалу мүмкін емес. Себебі барынша жинақы құрастырылған.  Бағалары әр аймаққа байланысты бөлінеді. Айта кету керек, қарапайым пойызға қарағанда екі есе қымбатқа түседі. 

Құрметті жолаушы, таңдау сізде! 

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто