Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Рухани жаңғыру: Жасанды интеллект мәселесі


4 сентября 2017, 10:42 | 1 138 просмотров



Технологиялық өркениет дамыған тұста адамдардың механикалық тетіктер тәрізді жұмыс жасауы еш қисынға келмейді. Техниканы өндіру мен қолданудың басты мақсаты – бұл адамның жұмысын жеңілдету, оған қолдау көрсету. Алайда техника адамның жұмысын тартып алуға құқылы емес. Дегенмен, қазіргі технологияның өндірісі жасанды интеллектіге құрылғандықтан, адамдардан артық жұмыс жасайтын болды.  Мұндайда адамның басты басымдығы бұл оның білімі мен зияткерлігінде қалмақ. Сондықтан жаңа ғасырдың адамы үнемі дамып отыруға дағдылануы қажет. Алған, жинаған біліміне масаттану кеще түсінік болмақ. Үнемі ілім-білім деген қанағатсыздық қажет.  Facebook, Google, Microsoft, Samsung сынды әлемдік гиганттар қазіргі уақытта жасанды интеллект жасауға бар күшін салып жатыр. Оның орындалуына да аз уақыт қалды. Илан Маск бастаған SpaceX компаниясы Марсқа ұшудың жолы мен жоспарын сынақтан өткізуде. Техника мен цифрлық технологияның тағы бір төңкерісі тууы мүмкін. Яғни, Елбасы сөзімен жеткізгенде, «экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Жасанды сана жұмылдырылған технология адамның зияткерлігіне жұмыс жасайтындығы айтпаса да түсінікті.  Сондықтан жаңа дәуір адамы үнемі жетілумен, зияткерлік санасын арттырумен, бәсекелік қабілетін дамытумен «әуре» болуы қажет. Бұл жайында Елбасының рухани жаңғыруға арналған мақаласында былай делінеді: «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді».  Ал бәсекеге қабілетті болудың ең іргелі белгісі – білімді болу. Қазіргі таңда жетілу мен білім жиюдың теңдесіз мүмкіндіктері бар. Мемлекеттік бағдарламалар, жоғары оқу орындарында оқу сынды білім алудың жолдарынан өзге адамның өзін-өзі жетілуіне мүмкіндік беретін жолдар да бар. Білім іздеу мен кәсіп игеруде қазіргі ғаламтордың берері көп. Қажетті ақпаратты іздеп, оқу, көру, тыңдау арқылы да білімді жетілуге болады.

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто