Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мемлекет басшысы қазақ тіліне қажетсіз әріптерді атады


4 сентября 2017, 10:40 | 1 115 просмотров



Қазіргі қолданыстағы кириллица әліпбиінде қазақ тілінің грамматикасы мен стилистикасына қажетсіз әріптер бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында осы әріптерді атап айтты. «Жаңа әліпби жасауды қолға алдық. Тарихқа көз салсақ, бұрын түріктің көне әліпбиін қолдандық, одан кейін бабаларымыз араб әліпбиін алып келді, Ахмет Байтұрсыновтың төте жазуы да қолданыста болды, 40-шы жылға дейін латын әліпбиі болды, содан кейін кириллицаға көштік. Енді қайта латын әліпбиіне өткелі отырмыз. Алайда бұл кириллицадан басқа жаққа кетіп қалайық деген саясаттан шығып отырған жоқ»,– деп түсіндірді елбасы.  Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әліпбиді қазақ тілінің грамматикасы мен стилистикасын ескере отырып жасау керек дейді. Өйткені қазіргі әліпбиімізде тілімізге керексіз әріптер бар.  «Мысалы, қазақта щ, я деген дыбыс жоқ. Японияны Жапония дейміз. Айыру белгісі (ъ), жіңішкелік белгісі (ь), ч, ц дегендердің тіптен керегі жоқ. Ал аталған әріптердің бәрі қазіргі әліпбиімізде тұр. Пайдаланылмайды, пайдаланылса тілімізді бұзып жібереді», – деді елбасы "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто