Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Рухани жаңғырудағы» жобалар туралы не білесіз?


4 сентября 2017, 04:38 | 2 294 просмотра



"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру":Елдің ұлттық рухын көтеріп, мәдени өмірін қайта қалайтын, рухани жаңғыруға бет түзеп, өркенін өсіретін бұл мақала айтылған үрдісті үдетудің бірнеше жобасын ұсынады. Оның алғашқысы латын әліпбиіне көшу жобасы болса, қалғандары «Қазақ тіліндегі 100 оқулық», ««Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» және «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау сынды үздік бастамалар.  Бұл жобалардың барлығы материалдық инфрақұрылымдарды жасақтауға бағытталған «100 аурухана» мен «100 мектеп» бағдарламаларының рухани бөлігін құрайтын заңды жалғасы іспеттес. Бұл ел халқының ұлттық, рухани санасының жаңғыруына, өзгеше ойлау мен әлемдік өркениетті ұлттық мәдениет тұрғысынан игеруге алғышарт жасап бермек. Кез келген үрдісті экономикалық қатынаста емес, рухани-мәдени болмыста қарауға көзқарас қалыптастырмақ. Адамның ішкі рухани капиталын қалыптастыра отырып, оның интеллектуалдық әлеуетін негіздеуге мүмкіндік бермек.  Елбасы ұсынып отырған жобалар қоғамның кез келген мүшесіне түсінікті. Өйткені мұндай басымдықты қазақстандық қауым да көңілмен қалаған болатын. Қағазға таңба басқандай анық жеткізілген. Аталған жобаларды іске асыруға атқарушы өкілдер ғана емес, қоғамның әрбір белсенді мүшесі де ат салыса алады.  Елбасы мақаласында ұсынылған бағдарламалардың ішінде әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын келетіні – бұл "Туған жер" бағдарламасы. Туған жерді қастерлеу мен оған тағзым ету, қамқорлық жасау – әрбір қазақстандықтың тау алмас арманы. Ұлттық жадына, генетикалық танымына айналған. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен махаббат ауылынан жырақта жүрген әрбір қазақтың сағыныш сезіміне мұрындық болып, өлкенің қадірін түсінуге тәрбиелемек. Мұны Елбасының сөзімін дәйекті жеткізсек болады: "Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі".

Автор:
massaget.kz