Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Рухани жаңғыру: 100 жаңа есім


4 сентября 2017, 10:37 | 1 888 просмотров



«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.  Елдегі меценеттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады.  Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылуда.  Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто